«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 18 қазанда «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті.

Диалог алаңында техника ғылымдарының кандидаты, ҚарМТУ профессоры Мехтиев Али Жаванширович пен №38 гимназия, №16, №27 ЖББОМ-тің (50-ге жуық) оқушылары кездесті.

Али Жаванширович Кемеров облысы, Осинники қаласында әскери отбасында дүниеге келген, 20 жасына дейін Сібірде тұрған. Болашақ өнертапқыштың отбасында қатаң тәртіп болса да, балалық және жастық шағында бұзақылық жасаған кездері де болыпты және Али мінезін өзгерту мақсатында өздігінен біршама жұмыс жасаған.

Али Жаванширович еңбек жолын Қарағанды құю зауытында бастады.

1999 жылы ҚарМТУ-дің «Тау-кен инженер-электромеханигі» мамандығы бойынша бітіріп, инженер мамандығын алады.

А. Мехтиевтің көпжылдық ғылыми қызметінің нәтижелері 57-ден астам ғылыми еңбектерде көрсетілген, профессор 5 бейне-дәрістің және 19 электрондық оқыту құралдарының авторы болып табылады.

Али Жаванширович балаларға карьерлік өңдеу көліктерінде ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту және енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, энергия үнемдеу бағдарламасы бойынша зерттеулерге қатысатынын атап өтті. Ол жастармен белсенді жұмыс істеп, нәтижесінде қазіргі таңда талшықты-оптикалық датчиктерді зерттеу және енгізу бағытында белгілі нәтижеге жетіп, ол датчиктер елдің көп километрлік шекарасын сенімді қорғауға мүмкіндік береді деп көрсетті.

Құрметті қонақпен әңгімелесу барысында балалар Али Жаваншировичтің бала кезінде электр қуатын қызықтағанын, радиоқабылдағыштарды жинауды жақсы көргенін білді.

Энергетикаға деген қызығушылық ғалымды жаңа қозғалтқыштарды жасауға итермеледі.

«Электр тогының болашағы зор және 20-30 жылдан кейін жанармай болмайды», – дейді Али Жаванширович. Болашақ мәселесін ғылым шешуі тиіс. EXPO халықаралық көрмесі технологиялар өзгеретінін дәлелдейді және бүгінде энергия үнемдеу – бұл бүкіл әлем ғалымдары арасындағы өзекті мәселе».

Бенефис-шоудың кейіпкері балаларға болашақта сүйікті ісін таңдауға, жан-жақты өзіне жақын істермен айналысуға кеңес берді. Ал табысқа жету үшін әрқашан мақсат қойып, оларға қол жеткізу, жоғары мақсаттар қойып, берілмеу керек.

Али Жаванширович өмір бойы лайықты өмір сүруге тырысады, әрдайым өз білімін жетілдірумен айналысады және өскелең ұрпақ үшін жақсы білім өте маңызды деп есептейді.

Профессор «Ғылым мен білім бірінші орында болуы керек, өйткені мемлекеттің дамуында технологиялар бәрін шешеді», – дейді.

Бос уақытында ғалым опера тыңдағанды ұнатады, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрына жиі барып тұратыны туралы айтты.

«Сіз қандай тарихи тұлғамен сөйлескіңіз келеді?» деген сұраққа бағдарлама қонағы орыс жазушысы және драматург Михаил Булгаковты атады, өйткені М.Булгаков еңбектері көптеген өмірлік мәселелерді еске түсіріп, ойлануға себеп болатынын айтты.

Али Жаванширович өзі көп оқитынын атап өтіп, кездесуге қатысқан балаларға Д.Оруэлланың «1984» антиутопиясын және С. Леманың “Солярис” ғылыми фантастикасын оқуға кеңес берді.

Бенефис-шоудың шарты бойынша Қонақ өзіне ұнаған екі үздік сұрақты таңдау қажет. А.Ж.Мехтиев «сүйікті кітаптар» туралы сұрақ авторы №16 ЖББОМ 9 «В» сынып оқушысы Шкадюк Софияға брелок, ал №38 гимназиясының 10 «В» сынып оқушысы Ащеулова Елизаветаға «Сіз жұбайыңызбен қалай таныстыңыз?» деген сұрағы үшін USB-флешкасын сыйлыққа табыстады.

Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы А. Мехтиевке табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.