БАҚЫТҚАЛИ МҰСАБЕКОВ – 70 ЖАС

 

Мұсабеков Бақытқали Мұхамедқалиұлы (1952-2021)қоғам қайраткері, абайтанушы, композитор.
Б. Мұсабеков 1952 жылы 1 сәуірде Семей облысы Абай ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген. Қарқаралы қаласында ер жетті. Қарқаралы қаласының №1 қазақ орта мектебін аяқтаған соң, Қарағанды политехникалық институтына инженер-механик мамандығына оқуға түсті (1969-1974 жж), кейінірек «Лингва» тіл және аударма институтын бітіріп, аударма ісі мамандығын алды (2006 ж.). «Фемида» заң академиясын бітірді, құқықтану бакалавры (2007 ж.).
Бақытқали Мұсабеков бірқатар креативті жобаларымен, оның ішінде қазақтың ежелгі салт-дәстүрлеріне негізделген шешендік өнер мектебі, және композиторлық дарынымен белгілі.
Бақытқали Мұсабеков жазған дәрістерімен Жезқазған, Сәтбаев, Жәйрем, Ұлытау, Приозерск, Балқаш қалалары мен кенттерінде болды. «Көшбасшы болуға үйренейік» (2014) – Джон Максвеллдің іліміне негізделген адамның көшбасшылық қасиеттері туралы психологиялық бақылау; «Мақсатқа жету технологиясы» (2014); «Өмір сүргім келеді» (2013); «Сен бала бол енді, Ана» (2013) – әндер жинағы, ноталық басылымы; «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» (2016) – әндер жинағы. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау өңірлік орталығының қолдауымен «Шешендік өнердің он сабағы. Десять уроков ораторского искусства» кітаптары жарыққа шықты.
2016 жылы «Бақытты болғыңыз келсе» («Если хочешь быть счастливым») кітабы автордың қаражатымен бес жүз дана таралымда жарыққа шықты.
Сонымен қатар, Б.Мұсабеков «Мақсатқа жету технологиясы.Технология достижения цели» психологиялық дәрістері мен тренингтің авторы болып табылады.

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының қорындағы Бақытқали Мұсабековтың шығармалары: