Балтабай (Балта) Адиль

(1949 – 2009)

балалар жазышысы, ақын, журналист.

Әділ Балта Өзбекстан республикасының құрамындағы Қарақалпақстанда, Мойнақ ауданында дүниеге келген, 1973 жылы Қожелі педагогиқалық училищесін бітірген. Көп жыл мұғалім болып қызмет еткен.

1993 жылы Қазақстанға келіп, балаларға аранлған «Ұлан» газетінде, «Мөлдір бұлақ» журналында қызмет еткен.

Балаларға арналған «Атамның жұлдызы», «Алданыш», «Інімнің өкпесі», «Тырналар келе жатыр», «Қызғылықты қылықтар», «Отыз үш мысал» кітаптары жарық көрген.

Қазақстан Журналистер одағының С. Ерубаев атындағы сыйлығының лауреаты.

Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгенің үш дүркін жүлдегері.
Әділ Балтатның Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: