ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ «ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫНА 85 ЖЫЛ

 

 

 

 

Ілияс Жансүгіров (1894-1938) – қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің классигі. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.
Әйгілі «Құлагер» шығармасы қазақ әдебиетінің классикасына айналған поэма. Ілияс Жансүгіров «Құлагерді» ХІХ ғасырдың ақыны, күйші Ақан-Ақан сері Қорамсаұлына арнаған.
Шығарма ақын өміріндегі драмалық эпизод – сүйікті тұлпарының өлімі туралы баяндайды. Поэма ұлттық әдебиеттегі ең трагедиялық шығармалардың біріне айналды.
«Құлагер» – жай ғана поэма емес. Бұл бүкіл Ұлы Даланы, тау мен өзенді, орман мен көлді қамтитын тарихи туынды. Поэмада көптеген кейіпкерлер – барлық рулар мен әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Сонымен қатар «Құлагерде» халықтың тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері, психологиясы туралы мәліметтер де бар. Сөз құдіреті жағынан бұл поэманы Абайдың таңдаулы шығармаларымен салыстыруға болады. Моцартты Сальери уландырса, Құлагерді көреалмаушылар өлтірді, осылай талантты Ілияс Жансүгіровке де арам пиғылдылар жала жапты.
«Құлагер» поэмасы қазақ әдебиетінің алтын қорына заңды түрде енді.

Қызықты деректер:
Әйгілі «Құлагер» поэмасының қолжазбасы ақынды тұтқындау кезінде бір жола жоғалып кетті, ал ол басылып шыққан «Социалистік Қазақстан» газетінің нөмірлері кітапханалардан алынып тасталды. Бірақ оларды 20 жыл бойы жастыққа тігіп сақтап келген Сапарғали Бегалин І. Жансүгіров ақталғаннан кейін газеттің осы таңдаулы нөмірлерін отбасына әкеліп береді;
Мұхтар Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуға шабыт берген «Құлагер» поэмасы еді.

Жансүгіров, Ілияс. Құлагер [Мәтін]: поэмалар мен өлендер / І. Жансүгіров. – Алматы : Жазушы, 1974. – 552 б.