85 жас

Мұхаметжан Етекбаев – қазақстандық балалар жазушысы, 1936 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
1961 жылы М.Етекбаевтың «Алтын мүйізді киік» атты алғашқы әңгімелер мен ертегілер жинағы жарық көрді. Кейінгі жылдары «Қисық бтақ» (1963), «Қызыл ала автобус» (1964), «Жапалақ туралы ертегі» (1967), «Алатау ертегісі» (1968), «Айтолқын» (1970), «Тұлпар» (1972), «Жомарт жаз» (1974) прозалық жинақтары жарыққа шықты.
Қазақ халқының жас батыры Болатбек Омаров туралы ең танымал шығармаларының бірі – «Болатбек» (1966)
Автор өз шығармаларында негізінен Алатау бөктерінде кездесетін аңдар мен құстардың тіршілігін суреттейді. «Алатау ертегісі» жинағы соның жарқын мысалы болып табылады.

Мұхаметжан Етебаевтың Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: