Қошым-Ноғай, Байбота. Жасыл бояу қайдан табылады? : ертегілер / Б.Қошым-Ноғай. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2023. -192 б.: сур.

Көрнекті қазақ ақыны Байбота Қошым-Ноғайдың бұл кітабына еніп отырған ертегілерінің оқиғалары қызықты, түйіндері тосын. Көркем кестелі әр туынды өзінің жаңашылдығымен де кішкентай оқырмандарын еліктіре түседі.

 

Қырық өтірік : қазақтың халық ертегісі/құраст. Қ. Отарбай – Алматы: Арда+7, 2023. – 80 б.: сур.

Қазақтың белгілі ертегілерінің бірі де бірегейі «Қырық өтірік» балалардың сүйіп оқитың шығармасына жатады. Бала қиялын шарықтата байытатын «Қырық өтірік» ертегісі халқымыздың бай мұрасы ғана емес, жалпы ой-санасының телегей-теңіз тереңдігін, ұшқыр сезім мен қуатты ойдың иесі екеніне көз жеткізе түседі.

Мусаев, Уразбай. Сусыма : ертегілер / У. Мусаев. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2022. – 160 б.: сур.

Үлкен де, кіші де көп нәрсені өмірден үйренеді, өйткені күнделікті тіршілікте ағаттықтар мен кемістіктер жеткілікті-ақ. Соларды талдап, жақсы мен жаманын ажырата білу әрбір пенденің басты борышы олай болмаған жағдайда қателіктен қателікке ұрыну қиын емес. Бұл көксеген мақсатқа жетуге кедергі жасайды.

Дарынды бала әлемі [Мәтін] = Сказки народов мира: әлем халықтарының ертегілері. Т. 1 / ред. А. Хамитова ; ауд. А. Қайранов ; сур. Ж. Ерланқызы. – Алматы: Дарынды бала, 2023. – 100 б. : түс. сур.

Бұл басылымдарда мектеп алды жасындағы балалар үшін ең тиімді ертегілер жинақталған. Авторлық иллюстрациялар оқырманды жаһанның түпкір-түпкіріндегі таңғажайып оқиғалар әлеміне жетедейді. Жинаққа енген ертегілер батылдыққа, тапқырлыққа, әділеттіліке, қайсарлыққа үйретеді.
«Дарынды бала әлемі» жинақтарымен күн сайын жаңа ғажайып әлем ашуға болады!

Сәттібайұлы, Көсемәлі. Күнге ғашық өлкеде [Мәтін]: ертегі-хиқаят /К. Сәттібайұлы. – Алматы: Қазығұрт, 2022. – 35 б.: сур.

«Қазығұрт» баспасы ең кішкентай оқырмандарға арналған балалар жазушысы Көсемәлі Сәттібайұлының ертегілерін ұсынады. Ертегілердің тілі жеңіл, оқиғасы қызықты.
«Күнге ғашық өлкеде», «Елгезек Бағдаршам, Тоқ-Қуат және басқалар», «Бірлікті іздеген бала, немесе Ұлыстың ұлы күні болған оқиға», «Тәтті ертегі», «Әппақ шар туралы әуезе» атты шығармалардың әр тарауы оқырмандарды қызықтырып, өзіне тартып, оқиғадан оқиғаға жетелеп отырады.

Исаева, Гүлдана. Балаларға базарлық [Мәтін]: өлеңдер /Г. Исаева. – Алматы: Арнұр, 2022. – 152 б.: сур.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жас ақын Гүлдана Исаеваның «Балаларға базарлық» атты кітабы жас бүлдіршіндерге арналған таңдаулы өлеңдерден, жұмбақтардан тұрады. Балалар әдебиеті жылына орай қадам жасап отырған жас өреннің өлеңдері оқырмандарға айтар ойын жинақы жеткізуге ұмтылатын, шынайы ұйқастармен өрнектей білетін жас ақынның алғашқы қадамына сәттілік тілейміз!

Сейдахмет, Ернұр. Жалқау құмырысқа [Мәтін]: өлеңдер /Е. Сейдахмет. – Алматы: Алматы-Болашақ, 2022. – 160 б.: сур.

Ернұр Сейдахмет республикалық «Астана-Байтерек», «Балауса», халықаралық «Дарабоз» конкурстардың жеңімпазы аталған жас балалар ақыны. Жарық көрген «Жалқау құмырысқа» атты өлеңдер жинағы өзінің шебер жазулуымен кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық. Тілі жатық, ойы үшкір, тәлім-тәрбиесі мол жинақты әр баланың сүйіп оқитынына сенімдіміз.

Зинелова, Жібек. Әдептілік қағидалары – 1 [Мәтін] / Ж. Зинелова ; мәтінді оқыған Ә. Жоланова. – Алматы : Алтын сақа, 2021. – 8 б. : түс. сур. – (Балалар әдебиеті жылы). .

2021 жыл – «Балалар әдебиеті жылы» деп жариялануының нәтижесінде Алматы қаласында «Алтын сақа» балалар баспасы ашылып, жас оқырмандарға арнап 100 астам кітап шығара бастады.
Аталған 100 кітаптың ішінде жас балалар жазушысы Жібек Зинелованын шығармалары да бар.
Бұл кітаптар балалардың танымдық қабілетін арттыруға арналған сұрактар мен тапсырмалар берілген. Басылымдар жас оқырмандарды дамытушылыққа, тәрбиеге, жақсы қасиеттерге баулиды.
Кітаптардың бір ерекшелігі – барлығында QR код бар. Ұялы телефонның QR коды арқылы ертегілердің бәрін тыңдауға болады.

Ғаламшар атаулары қайдан шыққан? [Мәтін] / ред. Қ. Байғабылова. – Алматы : Аруна, 2021. – 16 б. : сур. – (Анау не? Мынау не?).

Білуге құмарлық, көруге ынтық болу – бала атаулының болмысына тән қасиет. Сондықтан бала: «Анау не? Мынау не? Қайда? Қашан? Неге? Неліктен?» деген сан алуан сұрақтар қойып, оның жауабын алғанша асығады.
«Анау не? Мынау не?» атты танымдық кітаптар топтамасы – осындай сұрақтарға жауап беретін, бала мен ата-ана үшін пайдалы, көмекші құрал.

Төрт түлікпен таныс бол [Мәтін] / Ә. Табылды, Т. Еділбаев ; сур. Е. Овсянникова. – Алматы : Аруна, 2019. – 10 б. : сур. – (Бүктемелі кітапша).

Құрметті оқырмандар! Сіздерді «Аруна» баспасының «Бүктемелі кітапша» атты  топтамасымен шыққан жаңа басылымдармен таныстырамыз. Бұл қызықты кітаптар ең кішкентай оқырмандарға арналады. «Алақай!», «Алуан түрлі жануарлар», «Бақшада не өседі?», «Жыл мезгілдері», «Құстармен танысайық», «Төрт түлікпен таныс бол» атты бүктемелі кітапшалар арқылы балалар қоршаған ортамен танысады.

3+

Қызыл телпек [Мәтін]/ ред. Қ. Байғабылова ; ауд. М. Мақашева.  Алматы : Аруна, 2020. – 24 с. – (Буынға бөліп оқимын).

 Сіздерді «Аруна» баспасының «Бу-ын-ға бө-ліп о-қи-мын» атты  топтамасымен шыққан жаңа басылымдармен таныстырамыз. Баланың кітап оқуға деген қызығушылығы әріп үйренуден басталады. Буынға бөлуді үйренген оқушы сауатты жазады, сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата алады. Осы орайда «Бу-ын-ға бө-ліп о-қи-мын» топтамасының көмегі ерекше.

Баянбай, Қастек. 100 жаңылтпаш-өлең [Мәтін] /Б.Қастек; сур. М.Елизарова.- Алматы: Аруна, 2017.- 56б.: сур.

Жаңылтпаштың  баланың ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы, қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.

Жакуп, Оразхан. Еркетай [Мәтін]: комикс/ О.Жакуп.- Алматы: KHAN COMICS, 2018.- 80б.: сур.

Комиксте ақылды әрі батыл балалар – Еркетай мен Жәнібектің басынан өткен қызықты оқиғалар баяндалған. Екі дос Аспан батырының сиқырлы қылышын тауып алады. Сынған қылышты қалпына келтіру үшін сапарға шыққан Еркетай мен Жәнібектің   басынан түрлі шытырман өқиғалар өтеді.

Дональдсон, Джулия. Ақын қоян[Мәтін]: хикая /Д.Дональдсон. –  Алматы: STEPPE AND WORLD, 2018. – 30б.: сур.

Хикаяның басты кейіпкері ұйқасшыл қоян небір қызық өлең жазады. Ұялас қояндар поэзияға қызықпаған соң, ол талантын басқаларға танытпақ болады. Осылайша жерасты саяхаты басталады.

 Кинни, Жефф. Тентек Балақайдың күнделігі [Мәтін]/ Ж. Кинни – Алматы.: STEPPE AND WORLD, 2020. – 217 б.

Грег орта мектептегі басынан өткен оқиғаларды күнделігіне жазып отырады. Ол  жерде Раули екеуі шыбықтай болып алып, сақал-мұрттары өсіп кеткен дөкейлердің арасында аман қалуға тырысады. Бірақ Раули танымал бола бастағанда Грег екеуінің достығын сақтап қалу үшін жанкешті амалдарға жүгіне бастамақ.

Жануарлар [Мәтін] : 3 жасқа дейінгі балаларға арналған. – Алматы : Аруна, 2019. – 10 б. – (Сұрамақтар).

Кішкентай бүлдішіндерге арналған танымдық кітап. Түрлі түсті суреттермен безендірілген. Бұл кітабтың ерекшілігі – жан-жануарлардың мекендейтін орнына қарай топталуы. Қызықты сұрақтар мен тапсырмлар арқылы баланың тіл байлығы дамып, қоршаған орта туралы түсінігі қалыптасады.

Түстер мен сандар [Мәтін] : 3 жасқа дейінгі балаларға арналған. – Алматы : Аруна, 2019. – 10 б. – (Сұрамақтар).

 «Түстер мен сандар» – Кішкентай бүлдішіндерге арналған танымдық кітап. Бұл кітабтың ерекшілігі – әр беттің бір түске арналуы. . Қызықты сұрақтар мен тапсырмлар арқылы баланың тіл байлығы дамып, ағылшын тіліндегі сөздермен, түстермен танысады.