С. ОМАРОВТЫҢ «ЗОЛОТОРОГАЯ САЙГА» ЕРТЕГІЛЕР ЖИНАҒЫНА 60 ЖЫЛ

Омаров Сейітжан (1906 – 1985) – қазақстандық жазушы, журналист, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері.
1958 жылы «Детгиз» баспасы С. Омаровтың «Золоторогая сайга» атты ертегілер жинағын жарыққа шығарды. «Алтын киік» ертегісін орыс тіліне аударған Қазақстанның халық жазушысы, зоолог – Максим Зверев.
«Золоторогая сайга» – мейірімділік пен зұлымдық, халық даналығы Бақыт құсы – мәңгілік арман туралы кітап.
Сейітжан Омаровтың 1969 және 2005 жылдары жарық көрген «Золоторогая сайга» атты жинағы Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қорында сақталған.