ЖАҚАН СМАҚОВ – 90 ЖАС

Жақан Смақов (1932-1974) – балалар ақыны, жазушы.
1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынталы ауылында туған. Ол оныншы сыныпты Атасу ауылында бітірген, одан кейін С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.
Облыстық «Советтік Жетісу» және республикалық «Қазақстан пионері» газеттерінде (қазіргі «Ұлан») редакция бөлімінің меңгерушісі, Алматы телестудиясында редактор болып жұмыс атқарды
Ақынның «Арамшөп пен бидай» атты алғашқы өлеңі 1953 жылы «Пионер» («Ақ желкен») журналында жарияланды. Содан бері Ж. Смақовтың балаларға арналған «Сәбилерге сәлемдеме», «Кішкене балаларға сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастықтың сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген», «Сылдырмақ», «Біздің атай Түсекең», «Көктем күні көңілді» өлеңдер жинақтары жарық көрді.
Оның «Белқараған» әні қазақ радиосының алтын қорына енді. Ол балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты, ұзақ жылдар балаларға арналған «Балдырған» журналының редакциясында қызмет атқарды.

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының қорындағы Жақан Смақовтың шығармалары: