Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының инновациялық-әдістемелік бөлімі – облыстың балалар кітапханаларына және балаларға қызмет көрсететін көпшілік кітапханалардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлім болып табылады.
БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
• Қарағанды облысындағы балалар кітапханаларының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету;
• облыс кітапханаларына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
• аудандық және қалалық балалар кітапханаларының жұмысына инновациялық бағыт бойынша жаңа әдістер енгізу;
• Қарағанды облысының балалар кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында семинар, тренингтер, конференциялар ұйымдастыру;
• ақпараттық-библиографиялық жұмысты ұйымдастыру;
• кітапханада әдістемелік жұмыс бойынша бағыт беру. Әдістемелік кеңестің жұмысын ұйымдастыру;
• жыл соңындағы статистикалық және есептік ақпарат негізінде Қарағанды облысының балалар кітапханаларының қызметіне анализ;
• әдістемелік басылымдар дайындау.
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР
• «Периодика» деректер базасына – мерзімді басылымдар бойынша библиографиялық жазба енгізу;
• «Электронды ресурстар» деректер базасына – кітапхана пайдаланушыларына қолжетімді цифрлық материалдар енгізу;
Үйірме жұмысы – «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы.
![]() |
Бөлім басшысы – Мусина Орал Маратовна |
![]() |
Бөлім қызметкері — Жамауова Ұлжан Өміржанқызы |
![]() |
Бөлім қызметкері — Мукатаева Балнұр Асқарбекқызы |
Телефон: 8 (7212) 41-23-25



