11-16 наурыз аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Балалар кітабы апталығы өтеді.

11-16 наурыз аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Балалар кітабы апталығы өтеді.

Жыл сайын дәстүр бойынша 11-16 наурыз аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Балалар кітабы апталығы өтеді. Ең алғаш кітап апталығы танымал балалар жазушысы Л.А.Кассильдің ұсынысымен 1943 жылы Мәскеуде өткен. Ұлы Отан соғысы кезі болса да, үлкендер балаларға арнап, есте қаларлық тамаша мереке ұйымдастырды. Сол күннен бастап Балалар кітабы апталығы дәстүрлі мерекеге айналып, әр жерде тойланады.

Апта бойы оқырман балалар мен ересектер үшін қызықты және танымдық іс-шараларға толы болады.

Кітапханада наурыз айының 11 күні «Сәлем, саған кітап мерекесі!» атты балалар кітабы апталығының салтанатты ашылуы болды. Шараның ашылуында №2 өнер мектебінің 3 сынып оқушысы М. Болатбеков М. Омаровтың «Анашым» және Абдильдиндер жанұясы Құрманғазының күйі «Балбырауынды» ұрмалы аспаптардың әуенімен орындады.

Сондай-ақ ағымдағы жылы ұлы ғалым, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдығы, жазушы А. Чеховтың 160 жылдығы, ертегі әлемінің королі Х.Г.Андерсеннің 215 жылдығы мерейтойлары аталып өтілуіне байланысты №92 гимназияның 7-9 сынып оқушылары Д.Балмағанбет, Б.Әбенов, №3 гимназияның 6 сынып оқушысы Е.Сәбитұлы мерейтой иелерінің ролін сомдады.

Кітапхана жас оқырмандарды кітаптардың керемет және сиқырлы мерекесінде әдеби сайыстарға, ақын-жазушылармен кездесулерге қатысуға шақырады.

Comments are closed.