Archive Наурыз 2018

«Наурзым – береке, Наурызы – мерекем»

Ежелгі заманннан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түн болады. Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Әрі қарай оқу

Кілтші Пелагеяның ертегісі

Балалар кітабының апталығы – біздің кітапханамыздың Қарағанды балаларына арналған жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарасы.

Аптылықтың екінші күні «Мерейтойлық кітаптарыдың парақтары бойынша» 2018 жылғы мерейтойлық кітаптарға арналды. Әрі қарай оқу

Кітап – балалардың ең жақсы досы

Кітапханада 12 наурызда «Сәлеметсің бе, кітап мерекесі! Здравствуй, книжкин праздник!» Балалар кітабының апталығы ашылды.

Мерекеге «Гвоздичка» балабақшасының балалары, «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері, № 95 гимназияның 3 сынып оқушылары қатысты. Әрі қарай оқу

Ағылшын тілінің сабақтары

Кітапханада 11 наурызда «English through games»- «Английский через игры» үйірмесінің қызықты да танымдық сабағы өткізілді.

Оған әр жастағы балалар қатысты. Сабақ тақырыбы «My Hobby». Сабақ өте қызықты болды. Аталған тақырыптағы әртүрлі бейнематериалдар пайдаланылды. Балалар оқытушымен бірге ән салды, сөйлесу барысында «I like, I don’t like» секілді сөздерді қолдануды үйренді, әртүрлі ойындардың көмегімен жаңа сөздерді естеріне сақтады.

«Мерекеңмен, анашым!»

Кітапханамызда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Мерекеңмен, анашым!» атты әдеби ойын колейдоскобы өткізілді.

Мерекелік іс-шараға қаламыздағы №15 ЖББОМ 2 «В» сынып оқушылары келіп қатысты.

Іс- шара барысында Халықаралық әйелдер күні мерекесінің шығу тарихы жайлы қысқаша презентация көрсетіліп, мақалдың жалғасын тап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар ұлдар сыныптас қыздарына арнап өлең шумақтарын оқып, ару қыздарымыз мың бұрала би биледі. Мерекелік бағдарлама соңында оқушылар «Ақ мамам» әнін шырқады және кітапханамыздан естелікке сыйлықтар алды.

 

Прозадағы менің бейнем

Әдебиеттің көркем сөз жанры, сөз өнерінің дербес, айрықша түрі – проза.

Наурыз айының 2 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы осы прозаға арналып, «Прозадағы менің бейнем» тақырыбында әдеби әңгіме қозғалды. Әрі қарай оқу

«65 жыл – 65 кітап» кітап көрмесі

Биыл Абай атындағы балалар кітапханасы өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Осы айтулы іс шараның құрметіне орай кітапхана өз оқырмандары мен қонақтарына «65 жыл – 65 кітап» бірегей эксклюзивті кітап көрмесін ұсынады. Бұл көрме сөрелеріне Әлемдік танымал 65 әдеби кітаптар өз оқырмандарын күтеді.

Сонымен бірге көрмемен танысуға келген әрбір оқырман өзі оқыған кітаптары атаулары мен ұсыныстарын «Оқырман кеңес береді» атты почта ұяшығына қалдыруға мүмкіндігі бар.

Осы кітаптардың кейіпкерлерімен арман-қиял әлеміне қызықты саяхат жасаңыздар.

Оқыңыздар және армандаңыздар!!!

Елбасы әр Жолдауы – тарихи құжат

Наурыз айының 5-і күні ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері №41 ЖББОМ  барып 8-9 сынып оқушыларының қатысумен  «Елбасы әр Жолдауы –  тарихи құжат» атты әңгіме өткізді. Кітапханашы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт оқушыларға жеке-жеке талдау жасап түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында «Жолдау – барша қазақстандықтардың игілігі» атты презентация көрсетілді.Әңгіме танымдық тұрғыда маңызды болып, оқушылар мен ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Жолдау мазмұнын ашатын әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылған «Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыптық сөреге шолу жасаумен аяқталды.