Archive Тамыз 2018

Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заңым

Кітапханада 28 тамыз күні – Ата Заң Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заңым» атты таныстыру сағаты өткізіліп, оған Таңшолпан балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара барысында кітапханашылар Конституцияның рөлі және маңыздылығына тоқталып, Ата Заңымыздың тарихымен таныстырды. Әрі қарай оқу

Абай мұрасы-мәңгілік мирас

«Жаз.Балалар.Кітап» жазғы оқу алаңының жабылуы данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналып, кітапханамызда тамыз айының 15-і күні ашық аспан астында «Абай мұрасы-мәңгілік мирас» атты әдеби сазды кеш өтті. Іс-шараға облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайында ем алушы балалар қатысты. Әрі қарай оқу

Әлемнің жеті кереметі

Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған. Олар бүгінгі күнге дейін өздерінің өлшемі, сұлулығы, жасалу техникасы адамдарды таң қалдырып келеді. Солардың бірі – «Әлемнің жеті кереметі». Кітапханада тамыздың 06 күні «Әлемнің жеті кереметі» атты интерактивті саяхат өтті. Іс-шараға облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайында емалушы балалар қатысты. Әрі қарай оқу

«Мойдодыр» мультфильмі

«Күншуақ» зияткерлік бөлмесінде, «Гвоздичка» балабақшасының орта топ балалары үшін К.И.Чуковскийдің «Мойдодыр» кітабы таныстырылып, «Мойдодыр» мультфильмі көрсетілді. Балалар,«Мойдодыр» мульфильмін аса қызығушылықпен көрді.

Парақтардағы күн шуағы

Тамыз айының 1- күні «Күншуақ» зияткерлік бөлмесінде «Гвоздичка» балабақшасының жоғарғы топ балалары үшін «Парақтардағы күн шуағы» атты әдеби дилижанс өтті.

Кітапхана қызметкерлері таныстыру экскурсиясын, жаңа әдебиеттердің шолуын, «Ертегіде қонақта» электронды викторинасын өткізді. Балалар жұмбақтар шешіп, бірлесе викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның соңында Е. Матюшкинаның «Веники еловые» ертегісі бойынша мультфильм көрсетілді.