Желтоқсан 25, 2018 Бір күні қар патшалығында … By odb-abai inЖаңалықтар Жаңа жыл – жарқын, жұмбақ, қайталанбас, шулы, керемет мереке. Керемет ертегілер мен сықырлы ғажайыптар, тосынсыйлар мен тілектер орындалатын мереке. Біздің кітапхана оқырмандарды ғажайып безендірулерімен қарсы алды. . 25 желтоқсанда кітапхана қызметкерлерінің бүлдіршін оқырмандар үшін өткізген ертігілік қойылымы «Бір күні қар патшалығында…» деп аталды. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар ит Тошкамен және торай Пеппамен бірге Жаңа жыл мерекесін өткізуге және Аяз Ата мен Ақшақардың кітапханаға келуіне кедергі жасайтындардың зұлым күштеріне қарсы тұрып, жақсылық жамандыққа жол бермеді. Балалар әртүрлі байқауларға, қозғалмалы ойындарға қатысып, әзіл викториналардың сұрақтарына жауап берді… Аяз Атаның келуі балаларды қуанышқа кенелтті. Балалар оған өлеңдерін оқып, , ән салып, ол үшін шағын тосынсый мен тәтті сый алды. Іс-шараға қатысқандардың барлығы мерекелік көңіл-күйде болды.
Желтоқсан 21, 2018 «Жырымен жұртын оятқан» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапхана қызметкерлері «Сарыжайау» кинотеатрымен бірлесе отырып, 21 желтоқсанда №63 ЖОББМ 10-11 сынып оқушылары үшін қазақ жазушысы, публицист, педагог, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ХХ ғасырдың дарынды ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына арналған «Жырымен жұртын оятқан» көркем сөз мерекесін өткізді. Әрі қарай оқу
Желтоқсан 20, 2018 Кітап серпантині By odb-abai inЖаңалықтар Жақында Жаңа жылдық мереке … Біздің оқырмандар жаңа жыл алдындағы көңіл-күйді сезінуі үшін кітапханашылар оларға арналған шағын тосын сыйды дайындады – «Кітап серпантині» кітапханалық фотоаймағын жасады, ол ертегілік қысқы кезеңде кітапханаға келгендердің әрқайсысын қуантады.
Желтоқсан 13, 2018 Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы By odb-abai inЖаңалықтар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Әдеби кештің мақсаты оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу, ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, балалардың патриотизм сезімін қалыптастыру. Әрі қарай оқу
Желтоқсан 12, 2018 Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуен басы By odb-abai inЖаңалықтар Желтоқсан айының 12-сі күні «Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағына №102 мектеп-гимназиясының 6-шы сынып оқушылары қатысты Әрі қарай оқу
Желтоқсан 6, 2018 Отбасындағы зорлық-зомбылық – өзекті мәселе By odb-abai inЖаңалықтар Жыл сайын 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында Адам құқықтары күні атап өтіледі, 16 күн әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен жағдайларының алдын алу шарасы өткізіледі. Осы тақырып бойынша іс-шаралар «Қызғылт күн» белгісімен өтеді. 6 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық кәсіби салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалымен бірлесе кітапхананың жас қызметкерлері, №63 орта мектептің мұғалімдері, «Жас сұңқар» спорт мектебі мен Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының жаттықтырушылары арасында «Отбасылық зорлық-зомбылық – өзекті мәселе» диалог-талқылауы өткізілді. Әрі қарай оқу
Желтоқсан 5, 2018 Бала құқығы- асыл қазына By odb-abai inЖаңалықтар Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай желтоқсан айының 5 күні №83 ЖББОМ 4 «Ә» сынып оқушыларына арнап «Бала құқығы- асыл қазына» атты әдеби викториналық ойын өткізілді. Әрі қарай оқу