Archive Сәуiр 2019

«Халықтар достығы» телекөпірі

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, 29 сәуірде кітапханада қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары мен «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен В.Ф.Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен (Ресей) телекөпірі өтті. Әрі қарай оқу

Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы

26 сәуірде кітапхана базасында Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Қостанай, Астана және Қарағанды қалаларының облыстық филиалы төрағаларының қатысуымен ҚР мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіби одағының атқарушы комитетінің отырысы өтті. Әрі қарай оқу

КИІЗ ҮЙ

«Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы киіз үй қазіргі уақытта ерекше қызығушылық тудыруда. Әрі қарай оқу

Менің қалам

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кітапханада балалар жазушысы, ақын, журналист, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Жыл ақыны» (Ресей) ұлттық әдеби сыйлығының номинанты Наталья Инжевскаямен (Морозова) шығармашылық кездесу өткізілді. Әрі қарай оқу

Изготовление полимерных червяков

19 сәуірде «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Полимер құрттарды жасау» тәжірибесі өткізілді. Балаларға көп клеткалы жануарлар әлемі туралы таныстырылым көрсетілді және олардың жіктелуі таныстырылды.

Балалар «Құрттар туралы не білесіңдер?» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Сабақта балалар полимер құрттарын қалай дайындауға болатынын, олардың қандай керемет қасиеттері бар екенін көруге мүмкіндік алды. Өткізілген тәжірибе қарапайым және қауіпсіз болды, ол үшін натрий алгигинаты, кальций хлориді, қызыл бояғыш және жылы су пайдаланылды.

Қызықты да танымды, оңай өткен практикалық сабақтың соңында «Таңғажайып тәжірибелер мен эксперименттер» атты кітаптардың шолуы жүргізілді.

Күлімдеу қуанышын сыйлаңыздар!

4 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының балалар кітапханасы өткізген Нұр-Сұлтанның жас тұрғындарының Қарағанды облысының тумасы, балалар ақыны, жазушы Дария Джумагелдиновамен шығармашылық кездесуінің online қосылымы болды. Әрі қарай оқу