Archive Тамыз 2019

Көрме-сауалнама

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында орта және жоғары мектеп жасындағы (10-15 жас) балаларға қызмет көрсету бөлімінің абонементінде кітапханада «Книга и молодежь: встречное движение» атты көрме-сауалнама ұйымдастырылды. Әрі қарай оқу

Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы

Кітапханада тамыз айының 14 күні оқушыларға өз туған өлкесінің яғни, Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті. Әрі қарай оқу

Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет

«MIX» жазғы лагерьдің балалары 13 тамызда Семей полигонындағы алғашқы сынақтың 70 – жылдығына арналған «Дабыл қоңыраулары: полигон жаңғырығы» экологиялық диалогына қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жаһандық экологиялық мәселелерді адамзатқа төнетін қатер ретінде түсінуге ықпал ету. Әрі қарай оқу

«Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай»

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 09 тамыз күні қазақ халқының ұлы ағартушы ақыны, философ, қазақ әдебиетінің классика үлгісінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 174 жылдық мерейтойына арналған «Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау, оқырмандар бойында адамгершілік қасиеттер мен патриоттық және ұлттық тәрбие, этникалық-мәдени құндылықтарды қалыптастыру, балалар арасында көркем әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Жазғы демалыс лагерьінің оқушылары ұлы ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай» атты кітап көрмесімен танысты.

«Қазақты оятқан қайсар ақын-Абай» атты кітап көрмесі 31 тамызға дейін Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында өтеді. Мекен-жайы: Бұқар Жырау даңғылы, 30.