Archive Қаңтар 2020

Абай -дара, Абай – дана қазақта

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 21-ші қаңтар күні №93 гимназияның 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты дөңгелек үстел өткізілді. Әрі қарай оқу

Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, балалар ақыны Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Қазақтың Қадыры» онкүндігіне орай кітапханада «Өлең сөздің зергері – Қадыр ақын» атты поэзия кешіне Қарағанды қаласының ЖББОМ №17,№6 және №92 гимназияның 2-4 сыныптың оқушылары қатысты. Әрі қарай оқу

«Абай мұрасы – мәңгілік мирас» мультимедиялық көрме-инсталляцияның тұсаукесері

2020 жылдың 13 қаңтарында сағат 12.00-де Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында ақын, композитор, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай мұрасы – мәңгілік мирас» мультимедиялық көрме-инсталляциясының тұсаукесері өтті.

2020 жыл – ұлы ақын, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтой жылы. Абай шығармашылығының мәдени маңызы баға жетпес. Әрі қарай оқу

Кітапхана ішінде саяхаттау

Балалар қысқы мектеп демалысы кезінде мұғалімдерімен, ата-аналарымен және достарымен кітапханаға белсенді келіп тұрады.Кітапханадағы жағымды атмосфера, интеллектуалды «кеңістік» бірінші рет келген оқырмандарды қызықтырып, тартады. Әрі қарай оқу

Бірінші оқырман

Жаңа 2019 жылдың бірінші жұмыс күні. 3 қаңтарда кітапхананың бірінші оқырмандарына естелік медальдар мен шағын сыйлықтар табыс етілді.

Естелік медальге ие болғандар: Вера, Дарья мен Анастасия Ивановтар, Терехова Мария, Райяна мен Дамиля Қамзиналар, Дарина мен Дамира Турмухамбетовалар, Сұлтан мен Зарина Игенбековтер, Нижник Андрей, Бондарь Елизавета, Дәрібай Айдар, Әбдіхан Абылайхан, Терехов Даниил, Селиванова Элина, Сухорукова Милана, Толстых Есения, Малюк Ксения, Султанова Мадия.