Archive 2021

«Назарбаев – тарихтағы кемеңгер тұлға»

Кітапханада ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Назарбаев – тарихтағы кемеңгер тұлға» атты квест-экскурсия өткізілді.
Іс-шараға ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 6-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар квест кезінде әрбір кедергілердің кілтін тапқырлықпен шапшаң тапты. Әр бөлімдерде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Елбасыға арналған арнайы логотипі бар кітапты тауып, еліміздің тәуелсіздік алғаннан жылынан бастап, осы күнге дейінгі тарихи кезеңдеріне сипаттама берді.
Сондай-ақ кітапханашы оқушыларды Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен кітаптар туралы қызықты мәліметтермен таңыстырды.

IMG_6585
IMG_6588
IMG_6589
IMG_6599
IMG_6600
IMG_6607
IMG_6611
IMG_6612

«Қарағандыдағы библиодайвинг» балалар кітапханаларының облыстық фестивалі

Бүгін Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Ғылым және технология әлеміне кітап саяхаты» ұранымен «Қарағандыдағы библиодайвинг» атты облыстық фестивалі өтті. Іс-шара балалар әдебиеті жылы аясында өткізілді.
ZOOM алаңында сағ.11.00-де фестивальдің салтанатты ашылуы болып, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бейнеқұттықтауы және Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы, Шахтинск, Ұлытау ОКЖ басшыларының құттықтау сөздерімен басталды.
Фестивальді өткізуге облыстың қалалары мен аудандарының 31 балалар кітапханасы, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының 2 балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Сәтбаев, Саран қалаларының отбасылық оқу кітапханалары және мектеп оқушылары, балалар және ата-аналар, педагогтар жұмылдырылды.
Мерекелік бағдарламада лекторийлер, шығармашылық, танымдық және ойын алаңдары, кітапханалық бос уақытты өткізу аймақтары болды.
Балалар «Еркін микрофон» алаңында қазақ ақын-жазушыларын өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ кітапхана тарапынан лотерея ойнатылып барлық қатысушыларға шағын сыйлықтар мен А. Құнанбаевтың «Қара сөзі» кітабы таратылды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9

Микроскоп қызықтары

«Микроскоп қызықтары» атты алаңда балалар оптикалық құрылғы -микроскоптың алғашқы түрлерімен және шығу тарихымен танысып, заманауи микроскоптың артықшылықтарын көрді. Оқушылар оптикалық құрылғының құрылымымен танысқаннан кейін: су, тұз, қант, құс қауырсындары, жапырақтар, пияз, мақта, шаш сынды әртүрлі үлгілерді қарастыратын бірқатар тәжірибелер жүргізді. Шара соңында кітапханашы балаларға «Микроскоп туралы» қызықты кітаптарға библиографиялық шолу жасады.

20211126_113203
20211126_113349
20211126_113913
20211126_113922
20211126_114854
20211126_121132

Шығармашылық алгоритмі, немесе ойлап табуды қалай үйренуге болады

Фестиваль аясында танымал өнертапқыш «Болашақ энергиясы» республикалық байқауының жүлдегері профессор, т. ғ. к., С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ кафедрасының доценті А. Ж. Мехтиев «Шығармашылық алгоритмі, немесе ойлап табуды қалай үйренуге болады» тақырыбында балаларға дәріс өткізді. Оқушыларға Али Жаванширович өзі ойлап тапқан құралдарды көрсетті. Кездесуге келген қатысушылар құрылғылардың қалай жұмыс жасайтынын білді.

WhatsApp Image 2021-11-26 at 15.22.12
WhatsApp Image 2021-11-26 at 15.22.13
WhatsApp Image 2021-11-26 at 15.22.14

Рубик текшесі

«Қарағанды библиодайвингі» фестивалі аясында Рубик текшесі қызықты ойынының жанкүйерлері «Түрлі-түсті басқатырғыш» алаңында кездесті. Балалар Рубик текшенің топтамаларын құрастырып, басқатырғышты жинау бойынша шағын турнирге қатысты. Никита Винников 36 секундта Рубик текшесін құрастырып, ең үздік нәтиже көрсетті. Балалар әлеуметтік кәсіпкер, Green Tal әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Аскеров кітапханаға сыйға тартқан төрт бірдей емес басқатырғыштан әр түрлі гемометриялық пішіндерді жинап көрді.

20211126_113613
20211126_113730
20211126_113816
20211126_114125
20211126_120216
20211126_120850

Қарағанды библиодайвингі

«Өнертабыстар аумағы» атты алаңда Қарағанды облысы экологиялық музейінің қызметкері Н.Б. Қаражанов оқушыларға аспиратор, дозиметр, ауа сапасын бақылау Temtop, энергометр, шумомер, люксметр, термометр, гигрометр, анемометр ауаның тазалығын, судың тазалығын өлшеу, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін қолданатын құралдарды таныстырды. Шақырылған қонақтан балалар өздеріне түсініксіз құралдардын, сырын білуге және оны қалай пайдалануға болатыны туралы білді.

3d7eec0e-57e1-4ad7-b1ae-784ecb6e8835
5b556913-27e1-465e-98d4-c26fc43228df
20211126_121703
20211126_121739
20211126_121759

«Еркін микрофон»

Фестивалінің соңында «Еркін микрофон» алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар белгілі қазақ ақындарының өлеңдерін (Абай, Мұқағали және т.б.), отандық авторлардың прозалық шығармаларынан үзінділер мен музыкалық нөмірлерді орындады.

1
2
3
4
5
6

«Үздік бол – кітап оқы! Будь лучшим – читай книги!»

Фестиваль қатысушылары мен қонақтары үшін кітапхана холлында «Үздік бол – кітап оқы! Будь лучшим – читай книги!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ғылыми ашылымдар, тәжірибелер мен эксперименттер, микроскоптарды зерттеу, физика бойынша комикстер, космонавтикадағы жаңа ашылымдар және жеке роботтарды құрастыру жөніндегі әртүрлі тақырыптағы кітаптар қойылды.
Балалардың басты назары робот жасау, физика, химия, астрономия және биология, техника және технология бойынша жаңа ашылымдар туралы кітаптарға түсті.

1
2
3
4
5
6
7

«Робототехника»

Фестиваль аясында мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жумадильдина Ш. «Робототехника» алаңында қатысушыларға робототехника саласы туралы ақпарат берді. Оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді.
Робототехника және «RoboСlub» бағдарламалау мектебінің өкілі Дарья Дьякова мен Дмитрий Корнюшкин үй жағдайында моторлы зырылдауық жасаудың шеберлік сыныбын өткізді. Осы алаңда қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалар фотоалаңда естелікке суретке түсті.

1
2
3
4
5

«Таңғажайып химия»

Бүгін балалар кітапханалары фестивалі аясында «Таңғажайып химия» қызықты
алаңы жұмыс істеді, онда балаларға арналған “Сиқырлы қар” және “Жерасты вулканы” тәжірибелері өткізілді. Мереке соңында оқырмандар үшін ұтылмайтын лотерея жағымды сәт болды, онда әр балаға сыйлықпен бірге Абай Құнанбаевтың “Қара сөздері” кітабы сыйға берілді.

1
2
3
4
5