Archive Наурыз 2021

Сарыарқаның ұлы азаматтары

31-ші наурыз күні «Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының отырысы «Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы» залында «Сарыарқаның ұлы азаматтары» атты тақырыбындағы зерттеу өтті.
Біздің өлкемізді ежелден поэтикалық түрде Сарыарқа деп атап кеткен. Сарыарқа жері көптеген табиғи пайдалы қазбаларға бай, шексіз сұлу даласы, таулары мен көлдері бар кең байтақ жер. Сарыарқа жері есімдері біздің республикамызда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де белгілі болған тарихи және саяси тұлғалардың, жазушылардың, музыканттардың, әртістердің тағдырларымен тығыз байланысты. Қарағандыны белгілі бір мағынада Сарыарқаның “астанасы” деп санауға болады. Өйткені, дәл Қарағанды облысының шегінде осы дала аймағының көп бөлігі орналасқан.
Балалар мұражайдың залдарын аралап, экспозицияларды тамашалады, көптеген қызықты оқиғалармен танысты және көріп білді. Клуб жетекшісі тарихи тұлғалар туралы қосымша тың ақпараттармен толықтырды, ал клуб мүшелері өз зерттеулерімен бөлісті.
Алла Шалимова – Қарағандының тұңғыш докторы Герман Алалыкиннің өмірі туралы; Ясмина Байсерік – құрметті шахтер Түсіп Күзембаевтың тағдыры туралы зерттеулерін ортаға салды.
Зерттеулер жалғасуда, олар клубтың келесі отырысында дөңгелек үстел барысында айтылады.

IMG_20210331_123452
IMG_20210331_124450
IMG_20210331_125353
IMG_20210331_125754
IMG_20210331_125957
IMG_20210331_130045
IMG_20210331_130417
IMG_20210331_130546
IMG_20210331_130620
IMG_20210331_131105

Кітап сіздермен қоштаспайды. Балалар кітабы апталығының жабылуы.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2021 жылы 30 наурыз күні «Оқырман бенефисі» мерекелік құттықтау бағдарламасы өткізілді.
Осы жылғы іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 2021 жыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында өтті.
Балалар кітабы апталығы аясында кітапхананың үздік оқырмандары номинациялары жарияланған.
Жылдың ең үздік оқырмандары келесі номинациялар бойынша марапатталды:

• «Ең бірінші оқырман» – Леонкова Алина, «№93Гимназия» КММ, 3 «В» сынып.
• «Кішкентай оқырман» – Кан Алина, 3 жас.
• «Оқу рекордсмені» – Булыгин Николай «№2 Лицей» КММ, 8 «Б» сынып; Темиргалиев Арман, «№82 ЖББОМ», 3 «В» сынып.
• «Болашақ детектив» – Юшков Данил, «№59 ЖББОМ» КММ, 7 «Ә» сынып.
• «Фэнтези оқырманы» – Руфатқызы Зейнеп, Майлықожа атындағы НО, 9 сынып.
• «Мәңгілік классика» – Танат Нұрсұлтан, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты КММ, 9 «А» сынып.
• «Адал оқырман» – Кадирова Адия, Қарағанды гуманитарлық колледжі, 1 курс студенті.
• «Кітапхананың айнымас досы» – Нәрікбаев Нұркен, «А. Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясы» КММ, 11 «А» сынып; Абиев Даниил, «№63 ЖББОМ» КММ, 1 «Б» сынып.
• «Оқитын отбасы» – Егінбаевтар жанұясы: әкесі Ерлан, анасы Шырын, ұлы Ералы және қыздары Көркем мен Еркем.

Номинанттарды марапаттау үшін белгілі әдебиетшілер, журналистер, блогер мен айтыскер ақындар шақырылды. Шара соңында Балмұздақ өндіруші «Айза» ЖШС демеушілік етіп балаларға балмұздақтар сыйлады.

IMG_2475
IMG_2485
IMG_2496
IMG_2514
IMG_2518
IMG_2525
IMG_2538
IMG_2549
IMG_2562
IMG_2571

«Школа магии или Таинство волшебства» әдеби квест

            Кітапханада 29 наурыз күні «Школа магии или Таинство волшебства» әдеби квест өткізілді.
Балалар әр түрлі шытырман оқиғаларсыз өмір сүре алмайды! Оларға сиқырмен байланысты шытырман оқиғалардың бәрі ұнайды. Олар үшін өмірдің мәні әртүрлі жұмбақтардың шешімін іздеуде тұрады. Гарри Поттер кітаптарындағы әдеби квесте біздің оқырмандарымыз сиқыр әлеміне еніп, қызықты жағдайларға тап болды.
Шараға қатысушы балалардың жолдарында: факультеттер бойынша сиқырлы ритуалдарды бөлу; Плакс Миртлмен және зельеварения сабағында көрушімен кездесу; Доббидің үй эльфін құтқару; тығыз ормандағы өрмекшілермен кездесу; пәлсапа тасты және тағы да басқаларды іздеу.
Жас сиқыршылар қиын және қызықты әдеби лабиринттерден өтіп, берілген тапсырмаларды ықыласпен орындады. Балалар Хогварстың сиқырлы мектебінде болып, ұмытылмас әсерде қалды.

IMG_2197
IMG_2206
IMG_2208
IMG_2212
IMG_2234
IMG_2241
IMG_2253
IMG_2270
IMG_2277
IMG_2296
IMG_2313
IMG_2324
IMG_2341
IMG_2356
IMG_2370
IMG_2403
IMG_2420
IMG_2433
IMG_2446
photo_2021-03-29_16-38-23

«Сказки из кармана» дауыстап оқу

28 наурыз күні Ольга Гумированың шығармашылығына арналған  дауыстап оқулар  өткізілді.
О. Гумирова балаларға арналған жиырма кітаптың және ертегілердің авторы. Балалар «Сказки из кармана» кітабымен танысып, жинақтан «Школа для собак», «Прятки», «Очень загадочная история» ертегілерін  кітапхананың тұрақты оқырманы А. Шалимова дауыстап оқыды.

1
2
3
4

Ақын, аудармашы

                28 наурыз күні «Ақын, аудармашы » С.Қамшыгермен онлайн – кездесу өтті.
С.Қамшыгер жазушы, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының бұрынғы бас редакторы, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» кітаптарының авторы, аудармашы.
Саят Қамшыгердің балаларға арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің алғашқы танымым», «Менің сүйікті әліппем» кітаптары жарыққа шыққан.
Саят Қамшыгер аударма саласында да елеулі еңбек етіп келеді.
Онлайн – кездесуде ақынмен шығармашылық және қазақ балалар әдебиеті жайлы сұхбат жүргізілді. Ал кішкентай оқырмандар Саят Қамшыгердің өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

IMG_2147
IMG_2149
IMG_2156
IMG_2161
IMG_2164
photo_2021-03-28_15-09-09

Дүние жүзі бойынша газет және журнал

28 наурызда жазушы, журналист, Республикалық «Дружные ребята» газетінің бөлім редакторы Ольга Гумировамен «Дүние жүзі бойынша газет және журнал» тақырыбында онлайн – диалог өтті.
Ольга Николаевна Гумирова, балалар жазушысы, журналист, фотограф, әуесқой археолог, таудағы саяхатшы және альпинист.
Балаларға арналған жиырма кітаптар мен ертегілердің авторы – «Қалтадан шыққан ертегілер», «Қазақстан елі арқылы сиқырлы саяхат», «Сиқырлы қазғыш таяқша», «Сиқырлы жұлдызша», «Сиқырлы театр» және «Сиқырлы думан», «12 өсиеттің тарихы».
«Үш тілдің патшалығы» бес кітап сериясының, сондай-ақ балаларға арналған қаржылық сауаттылық туралы кітаптардың бірлескен авторы.
Фотограф және суретші ретінде ол қазақстандық археологтардың петроглифтер туралы кітаптарын дайындауға қатысады.

IMG_2184
photo_2021-03-28_15-10-30 (2)

Бояулар әлеміне саяхат

Кітапханадағы «Балалар кітабы апталығының» екінші күні кітапхана оқырмандары мен №3 гимназияның 3 сынып оқушылары үшін суретші – дизайнер Герасим Ивановтың дизайн – минимализм бойынша «Бояулар әлеміне саяхат» атты шеберлік-сыныбы өтті.
Г. Иванов дизайн мен минимализм туралы ойымен бөлісті, балалардың түстерді таңдау, пішіндердің жұмысы туралы сұрақтарына жауап берді. Балалар суретшінің кеңесі мен айтқанын тыңдай отырып, үш – төрт түсті қолдана отырып, көктем және күз көріністеріне бояды.
Сондай – ақ, балалар дизайн – минимализм стилінде тек үй-жайлар ғана емес, сонымен қатар оны баспа басылымдар-кітаптар, журналдар, газеттер, буклеттер безендіру кезінде де қолдануға болатыны туралы білді.

IMG_2056
IMG_2074
IMG_2075
IMG_2076
IMG_2078
IMG_2088
IMG_2089
IMG_2119
IMG_2060

«Менің өмірімдегі кітаптар» ұсыныс-сұхбат

             Балалар кітабы апталығы аясында 26 наурыз күні «Менің өмірімдегі кітаптар» атты ұсыныс-сұхбат алаңы өткізілді.
Іс-шараға суретші, антиядролық қозғалыстың белсендісі К.Куюков; журналист, радио жүргізуші А. Строкова; «Экомузей» директоры, эколог Д. Калмыков және №63 ЖББОМ оқушылары қатысты.
Әңгіме тақырыбы «Қазақстанның оқырман ұрпағы-2021» жалпыұлттық акциясы бойынша кітап оқу дәстүрін қолдау төңірегінде болды.
Аталмаш шарада балаларға Қарағанды қаласындағы әр түрлі саладағы танымал тұлғаларынан алынған сұхбат бойынша промороликтері көрсетілді. Шара қонақтары оқырмандарға өмірлеріндегі ең маңызды кітаптар туралы айтып берді, олардың пікірінше, ең қызықты және пайдалы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптарды оқуға ұсынды.
Сұхбат-сауалнама нәтижелері бойынша оқырмандар үшін көрме-ұсынысы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты жеке табысқа жетудің және өркендеудің, ішкі әлемді байытудың, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру мен дамытудың негізгі құралы ретінде оқуға тарту болды.

IMG_2017
IMG_2030
IMG_2032
IMG_2035
IMG_2038
IMG_2039
IMG_2042
IMG_2045
IMG_2048

25-30 наурыз аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Балалар кітабының апталығын жариялайды.

Наурыз айының 25 күні «Мың тағзым саған, кітап!» атты Апталықтың салтанаты ашылуы болды. Іс-шара аясында Қарағанды облысы бойынша Халықаралық «Бір толқында» (Украина. Киев қ.) сурет байқауы мен балалар жазушысы А. Л.Бартоның 115 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Всем детям ровесница» онлайн фестивалінде ТМД елдері арасында біздің оқырмандарамыз да жеңімпаз атанды. Жеңімпаз балалар өлеңдерді мәнерлеп оқып, дипломдармен марапатталды. Аталмыш шарада «Оранжевый Ежик» оқиғалар агенттігінің қуыршақтары Лола – ангел мен Капитан Америка музыкалық флешмоб көрсетті.
Сондай-ақ «Ертегі әлемі шақырады» ертегі терапия кітабының авторы, ақын, драматург, аудармашы, сатирик Маржан Аманқосқызы Ершумен кездесу өткізілді. Шараға №5,17,77,88,41 ЖББОМ мектептерінің 3-7 сынып оқушылары және Шахтинск, Теміртау, Абай қалаларынан ОКЖ кітапханашылары қатысты.
Ершу Маржан Аманқосқызы Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Ақын өлең әлеміне Әйек деген лақап атпен енген. Маржан Ершудың «Кітапхана педагогикасы: ертегі терапия» атты кітабы балалар мен жасөспірімдерге арнаған ертегі терапия туралы ұлттық тәрбиеге негізделген тұңғыш жинағы. Шараға арнайы шақырылған қонақ Қарағанды қаласының жас оқырмандарымен кездесіп, болашақта еліміздің мақтанышы болар жас өркендермен мәнді де мағаналы әдемі сұхбат өрбітті.
Балалар жазушының «Құдыретті қобыз», «Терістік жел мен бала», «Ақшабақ ару мен Шортан батыр» атты ертегілер барын біліп, ең алғаш дүниеге келген «Ит пен бала» туралы ертегіні қонақ балаларға әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушылар жазушы аударған Ғ. Тоқай мен М. Каяның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

1
2
IMG_1873
photo_2021-03-25_17-08-29
photo_2021-03-25_17-08-30
photo_2021-03-25_17-08-32
photo_2021-03-25_17-37-53
photo_2021-03-25_17-37-57
photo_2021-03-25_17-37-59
5
photo_2021-03-25_17-38-10
photo_2021-03-25_17-38-09

Қарағандының балаларының көзқарасы

Аптаның бірінші күні 25 наурызда балалар өлеңдерінің және ересек лирикалық шығармалардың авторы, Қарағанды облысы Жазушылар Одағының мүшесі, «МАГНИТ» әдеби бірлестігінің мүшесі Татьяна Дубовскаямен «Қарағандының балаларының көзқарасы» атты жанды сұхбат өтті …
Іс – шараны өткізу үшін интервьюер ретінде біздің кітапхананың белсенді оқырманы, №1 гимназияның 2 сынып оқушысы Трофименко Эрик шақырылды.
Татьяна Дубовская сұрақтарға жауап бере отырып, өлеңдерді тек балаларға ғана емес, ересектерге жазатынын, 350-ден астам өлең жинағы бар екенін және ол өзінің алғашқы «Я обиделась » өлеңін 6 минут ішінде жазғанын айта өтті.
Татьяна Дубовская балалар үшін ғана емес, ересектер мен жасөспірімдерге арналған лирикалық шығармалар, ертегілер мен әндер жазады.

IMG_1970
IMG_1999
IMG_1974
IMG_1976
IMG_1978
IMG_1987