Сәуiр 29, 2021 «Сарыарқа-дала өркениетінің алтын бесігі» By odb-abai inЖаңалықтар «Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының отырысы аясында, «Сарыарқа-дала өркениетінің алтын бесігі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараның қонағы Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Мәкен Әділ клуб мүшелеріне, Орталық Қазақстанның көшпенділер өркениеті мен алтын адам феномені туралы айтып берді. Клуб мүшелері – №2 Лицей мен №20 НОМ оқушылары, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының этнография және археология мұражайы директоры – Марина Бедельбаева ұсынған, әлемнің ежелгі пирамидаларының бірі туралы «Казахстан – легенды степи» (ТРК «МИР») циклі бойынша, «Каражартас – пирамида фараона степи» деректі фильмін тамашалады. Балалар Орталық Қазақстанның археологиялық олжалары туралы, сонымен қатар жаңалықтардың маңыздылығы мен көшпенділердің далалық өркениетінің тарихы және басқа да көптеген қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Сәуiр 27, 2021 Қазақстан халқының бірлігі күні By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 27 сәуір күні «Ұлттық бірлік – Қазақстан халықтарының достығы» атты тәрбие сағаты өтті. Шараға Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің балалары қатысты. Кітапханашы қатысушыларға ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы туралы, ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу туралы әңгімеледі.
Сәуiр 27, 2021 «Әл-Фараби – өркениет философы» атты интеллектуалды ойын By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 27 сәуір күні халқымызға білімнің, нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр Әл-Фараби мұраларын жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында «Әл–Фараби -өркениет философы» атты интеллектуалды ойын-сайысы өткізілді. Жас ұрпаққа халқымыздың тарихын тереңдете оқытып, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету ісінде танымдық ойын арқылы ежелгі замандағы Отырар топырағында туған, халқымызға мол мұра қалдырған ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмір жолдарымен, тарихтағы алатын орындарымен таныстыру. Сайысқа №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының «БИЛ қырандары» және №2 «Білім-инновация» лицей-интернатының «Жалын» топтары қатысты. Ойын 3-кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушыларға Әл-Фарабидің өмір жолына, шығармаларына, ғылымға қосқан үлесіне байланысты танымдық сұрақтар мен тапсырмалар беріліп отырды. Тағылымы мол іс-шараға Қарағанды қаласындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстазы А.Сүлеймен, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары, Әл-Фараби атындағы музейдің жетекші А.Рахимова және Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Уатаева қазылық жасады. Лицей-интернаттардың 7-сынып оқушылары сайысқа жақсы дайындықпен келгендерін аңғартты. Ойын нәтижесінде №2 «Білім-инновация» лицей-интернатының «БИЛ қырандары» тобы жеңіске жетті. Ойынның барлық қатысушыларына қызықты ойын үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Сәуiр 26, 2021 «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» By odb-abai inЖаңалықтар «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы осымен 15 жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, балалар мен жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді. Осыған орай, сіздердің назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты бейнетұсакесерді ұсынамыз.
Сәуiр 23, 2021 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні By odb-abai inЖаңалықтар 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, бүгін біз бүкіл әлемдік флешмоб «Букфейс. Кітап тұлға беттерінде» дәстүрлі кітапты қорғау күнін қолдай отырып, біздің кітапхана қорының кітаптарын назарларыңызға ұсынамыз. Бүгінгі таңда “bookfacefriday” – бұл әлем бойынша кітапханалар, баспагерлер, кітап дүкендері және кітапқұмарлар қатысатын нағыз флешмоб. Сүйіспеншілікпен қосылыңыз!
Сәуiр 16, 2021 «Жанартау лавасы» By odb-abai inЖаңалықтар «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында 16 сәуір күні «Жанартау лавасы» шеберлік сыныбы өткізілді. Балаларға шынайы жанартау лавасының атқылау үлгісін көрсетті. Химиялық реакция кезінде пайда болатын дәл осы құбылысты 1754 жылы Джозеф Блэк (шотландылық физик және химик) ойлап тапты. «Жанартау лавасы» кітапханалық зертханамызда балалар жанартаудың түр-түрлерімен және де басқа да қызықты мәліметтер алды. Жүргізілген тәжірибе қарапайым әрі қауіпсіз болды, балалардың байқау, салыстыру, жинақтау, қорытындылау сияқты дағдыларын дамытуға бағытталды. Ең қызығы керекті заттар өте қол жетімді, күнделікті қолданылатын тұрмыстық қажеттіліктер, олар: сода (гидрокарбонат натрия), лимон қышқылы, өсімдік майы, қызыл бояу. Дәл осы қоспалар арқылы біздің қызықты тәжірибемізді үй жағдайында қайталап көруге болады. Тек, үлкендердің көмегімен! Шеберлік сынып қорытындысында танымды химия бойынша тақырыптық кітаптар мен журналдарға шолу жасады. https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/04/Burlyashhaya-Lava.mp4
Сәуiр 9, 2021 Денсаулық және оқу By odb-abai inЖаңалықтар 2 сәуірде №6 ЖББОМ 6-8 сынып оқушыларына «Шекарасыз кітапхана» таныстыру экскурсиясы өткізілді. Балалар кітапхана тарихын негізгі ережелерін және оқырмандар үшін әзірленген пайдалану мүмкіндіктері туралы білді. Кітапхана залдары мен қызметтерінің жұмысымен, кітап қорларының мазмұны және көрсетілетін қызметтермен танысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қарағанды облысының 85 жылдығына арналған көрмелерге шолу ұйымдастырылды. Экскурсияға қатысушылардың көбі кітапхана оқырмандары болуға ниет білдіріп, өздерінің оқырман билеттерін алды. Экскурсия кезінде Дүниежүзілік денсаулық күніне ұйымдастырылған «Денсаулық және оқу» сауықтыру сеансы өткізілді. Кітапханашылар балаларды өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін қараантин кезеңінде қандай ережелер мен рәсімдерді сақтау керектігін еске салды. Соңында балаларға танымдық онлайн-викторина ұсынылды, балалар барлық сұрақтарға бестік баға дәрежесінде жауап берді.
Сәуiр 8, 2021 «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатында таныстырылым By odb-abai inБасты, Жаңалықтар Сәуір айының 8 күні «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының базасында кітапханашы 5, 9 сынып оқушылары үшін Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасымен сырттай таныстыру өткізді. Кітапханашы Ж. Зейкенова кітап қорына түскен жаңа басылымдарға шолу жасап, бейнеролик арқылы кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Балалар ақпаратты қызығушылықпен қабылдады, кітапханаға баруға және оның оқырманы болуға ниет білдірді.
Сәуiр 4, 2021 Көшбасшы болуға үйренеміз By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 4 сәуірде «Мен – тұлғамын» атты коучинг орталығы аясында «Көшбасшылықты үйренеміз» атты кезекті тренинг өтті. Тренинг коуч-жаттықтырушы Б. М. Мұсабеков әзірлеген авторлық курстың жалғасы болып табылады. Осы тренинг үшін Бахытқали Мұхамедқалиұлы автордың көп жылдық тәжірибесін, сондай-ақ отандық және шетелдік теоретиктердің әзірлемелерін көрсететін екі тілде бірнеше әдістемелік құралдарды дайындап шығарды. Қатысушылар тренингте өткен сабақтарда өтіп кеткен материалдарды қайталады. Жаттықтырушы өзінің кемшіліктерін өз артықшылықтарымен қалай жасау керектігін көрсетті. Кейін топ аталған тақырыпты талдауға көшті. Балалар көшбасшылықтың қандай «компоненттерінен» тұратынын, көшбасшылықтың қандай түрлері, көшбасшының мінез-құлық стильдері және қандай жағдайларда немесе өзге стиль қолданылатыны жайлы білді. Тренинг соңында қатысушылар тренингтерде алған білімдерін пайдаланудың тиімділігін дәлелдейтін алғашқы нәтижелерге қол жеткізуге болатын тапсырмалар алды.