Маусым 30, 2021 «Жаз. Балалар. Кітап» By odb-abai inЖаңалықтар «Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында, жазғы оқу залы өткізілді. Жазғы шараның мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Онда № 9 мектеп гимназиясы мен Ғ. Мұстафин атындағы ЖББОМ № 83 мектеп оқушылары жаңа кітаптармен танысып, асфальтта түрлі суреттер салды. Балаларға кітапхана ішінде экскурсия жүргізіліп, әдеби викториналар мен зияткерлік ойындар ойнатылды. Мерзімді басылымдар және кітаптармен танысқан балалардың қуанышында шек болмады. Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы өте зор. Өйткені, кітапты көп оқыған адамның өмірі мәнді де, сәнді өтеді.
Маусым 30, 2021 «Білгенге маржан» By odb-abai inЖаңалықтар Қарағанды – кеншілер қаласы. Оның үлкен тарихы бар және біз оны білуге міндеттіміз. ЖББОМ №48 мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің балаларына Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында кезекті «Білгенге маржан» атты жаяу өлкетану серуені өтті. Қаланың орталығындағы өзіндік тарихы бар бұл көше өткен ғасырдың 50 – ші жылдары қалыптаса бастаған және 2019 жылға дейін Бейбітшілік Бульвары көшесі болып аталған. Балаларға жетекші – гид Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы қаланың ескі мектебі, онда орналасқан театрлар мен ескерткіштер, бос уақыт өкізетін демалыс орындары туралы және басқа да керекті ақпараттар берді. Жаяу өлкетану серуені Бұқар жырау мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарының қиылысынан бастап, Қазыбек би ескерткішіне дейін өтті.
Маусым 29, 2021 Ұлттық мәдениет күні. «Бесікке салу рәсімі». By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада ұлттық мәдениет күні аясында №1 гимназия және Ә.Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушыларының қатысуымен «Бесікке салу рәсімі» атты таныстыру сағаты өткізілді. Кітапханашы оқушыларға қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, мүлік санағандығы жайлы әңгімелеп берді. Бесік туралы түсінік беріп және оның жабдықтарымен таныстырды. «Тыштырма» дәстүрін көрсетіп, бесік жырын айтты. Қазақтың салт-дәстүрімен танысу балаларға қызықты болды.
Маусым 29, 2021 «Отты жазу» танымдық тәжірибесі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханамыздың белсенді оқырмандары мен №59 мектеп оқушыларына Қызықты деректер күні аясында кітапханашының қадағалауымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып «Отты жазу» тәжірибесі өтті. Бұл шара балалардың қызығушылығын оятты. Не себепті жазу отпен жазылады? – деген сұрақ қатысушыларды ойландырды. Оқырмандар калий нитраты (KNO3) – деп аталатын химиялық элементпен танысты. Кітапханашы белгілі бір мөлшерде калий нитратының концентрацияланған ерітіндісі дайындады. Қағаз парағындағы контурлық үлгіге қылқаламды пайдаланып, суреттің контуры бойымен калий нитрат ерітіндісін сіңдіре отырып тәжірибе жасады. Құрғаған қағаз парағындағы контурлық үлгіні сіріңке арқылы тұтатып ОТТЫ ЖАЗУ нәтижесін көрді. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре алатын таңғажайып, түрлі-түсті, қызықты эксперименттік жұмыстарды жасау және бақылау жас жеткіншектерге ұнады. https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/06/video_2021-06-29_15-24-00.mp4
Маусым 24, 2021 Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, танымал балалар сазгері және ақыны – Мельникова Людмила Евгеньевнамен әңгіме – сұхбат By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, танымал балалар сазгері және ақыны, кітапханамыздың жақын досы – Мельникова Людмила Евгеньевнамен әңгіме – сұхбат түрінде керемет кездесу өтті. Әңгеме барысында композиторлыққа қалай келгендігі, өлең жазуды қашан бастағаны, әндері қай тілдерде шырқалатындығы және шетел елдерінде қандай әндері танымал болғандығы туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, оқу мен кітаптың өзінің шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына себеп болғандығы және алда қойған жоспарларымен бөлісті. №30 ЖББОМ 2 «А» сынып оқушысы Тойшыбекова Лунара балалар ақынының «Мамочка моя» әнін орындап, «Город наш – Караганда» өлеңін оқып берді.
Маусым 23, 2021 «Толықтырылған шындық» By odb-abai inЖаңалықтар 23 маусым күні кітапханамызда «Толықтырылған шындық» ойын-әңгімесі №8 «ЖББОМ», №51 «ҚББМО» мектеп жанындағы жаздық лагерінің балаларына өткізілді. Оқушылар «Астана», «Анатомия», «Любимые животные и птицы в странах мира», «4D опыты и эксперементы», «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» атты виртуалды кітаптармен танысты. Ұялы телефонның көмегімен кітаптағы толықтырылған шындық технологиясы арқылы шынайы өмірде сирек кездесетін таңғажайып жануарлар мен динозаврлар, адам ағзаларының құрлысын 3D нұсқада тамашалады.
Маусым 23, 2021 Көңілді ағылшын By odb-abai inЖаңалықтар Көңілді ағылшын – бұл сюжеттік-рөлдік ойындар, жатқа айтып беруге арналған өлеңдер, әндер, санамақтар және жаңылтпаштар арқылы балалардың сөздік қорын толықтыруға арналған сабақтар. «Көңілді ағылшын» сабағын кітапхананың кішкентай оқырмандарына Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетінің II курс студенттері Пучкова Дарья және Осипова Яна өткізді. Балалар «Head, Shoulders, Knees and Toes» қызықты ойынын ойнап, ағылшын тілінде әндер айтып берді.
Маусым 23, 2021 Өте қызықты By odb-abai inЖаңалықтар Мамыр айында орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі оқырмандарының арасында «Фэнтези. Қорқыныштар. Мистика» тақырыбында интерактивті сауалнама жүргізілді. Бөлімде тақырыптық тақта орнатылды. «Фэнтези», «мистика», «қорқыныш» жанрларына қызығушылық танытқан кез-келген әуесқой «елестің» көмегімен өзіне ұнаған кітабына ұсыныс қалдыра алады. Сауалнамаға 10 мен 16 жас аралығындағы 60 оқырман қатысты. Е.Гаглоевтің «Зерцалия», «Пандемониум», «Пардус»; Д.Глуховскийдің «Метро 33»; С.Кингтің «Куджо»; Р.Л.Стайннің «Лагерь»; Н.Щербаның «Часодеи» кітаптары осы жанрдағы ең үздіктері болып табылды.
Маусым 22, 2021 «Уақытаралық саяхат» By odb-abai inЖаңалықтар 22 маусым, Қызықты фактілер күні, кітапхана қызметкерлері №3, 97 гимназияларының балаларына біздің өміріміздегі күнделікті қолданудан шыққан заттар мен нәрселердің экспозициясымен танысуды ұсынды, олардың орнына жаңа электр заттары мен компьютерлік технологиялар келген. Уақытаралық саяхат балаларға өте қызықты болды, өйткені олар таныс емес раритеттік заттарды ұстап көрді және олардың пайда болу тарихы туралы білді.
Маусым 21, 2021 Ұлттық мәдениет күні. «Тәрелкедегі жаз. Әжемнің дұрыс тағамдары» аспаздың шеберханасы. By odb-abai inЖаңалықтар Ұлттық мәдениет күні аясында 21 маусым күні Н.Әбдіров атындағы мектеп және №45 гимназиясының оқушыларымен бірге «Тәрелкедегі жаз. Әжемнің дұрыс тағамдары» атты аспаздың шеберханасы сабағы өткізілді. Іс-шарада кітапханамыздың тұрақты оқырманы Гүльсум Жакупбекова әжеміз балаларға сүттен жасалған ұлттық тағамдардың, бірнеше түрi бар екенін оқушыларға әңгімелеп беріп, қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын және жасалу жолдарын көрсетті. Балалар құртты өз қолдарымен жасап үйренді. Әжеміз шара соңында оқушыларға құрт ұсынды.