Archive Маусым 2021

Көңілді ағылшын

Көңілді ағылшын – бұл сюжеттік-рөлдік ойындар, жатқа айтып беруге арналған өлеңдер, әндер, санамақтар және жаңылтпаштар арқылы балалардың сөздік қорын толықтыруға арналған сабақтар.
«Көңілді ағылшын» сабағын «Азбука» балалар орталығы мен кітапхана оқырмандарына, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетінің II курс студенті Кадырова Милена өткізді.
Балалар «Up and Down» қызықты ойынын ойнап, ойын түрінде «Сolor. Цвет» түстерді ағылшын тілінде жатқа айтып берді.

614bb494-d984-41e7-b213-183f5aad7ac2
IMG_3946
IMG_3949
IMG_3953
7d590481-b9e2-479b-acb1-4dad590cbe06
861efd57-6b18-4a78-b44f-89f37157e151

«Жаз. Балалар. Кітап»

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында, жазғы оқу залы өткізілді.
«Ақылды бала», «Азбука» дамыту орталықтары мен “Еркатайым” балабақшасының балаларына біздің жарқын түрлі-түсті танымдық кітаптарымыз бен журналдарымыз қатты ұнады.
Балалар асфальтта сурет салып, қызықты ойындар ойнады.

IMG_20210616_105204
IMG_20210616_105443
IMG_20210616_105521
IMG_20210616_134021
IMG_20210616_134308
IMG_20210616_133947
IMG_20210616_134031
IMG_20210616_134108
IMG_20210616_134131
IMG_20210616_134150

«Әлемді кітап арқылы танимын»

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында 16 маусымда кітапханамызда «Әлемді кітап арқылы танимын» библио -квест өткізілді. «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері ойын ережесіне сәйкес түрлі сынақ бөлмелерінен өтті. Логикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілеті тексерілді.Ережеге сәйкес балалар жасырылған кітаптарды тауып алып, берілген тапсырмаларды орындап шықты.Ақтық мәреге жеткенде қатысушылар пазлы жинады.

IMG_3875
IMG_3887
IMG_3897
IMG_3910
IMG_3914
IMG_3916
IMG_3931

Микроскоп астындағы тіршілік

Бүгін қызықты деректер күні балалар оптикалық құрылғы – микроскоппен танысты.
Балалар микроскоптың алғашқы түрлерімен және шығу тарихымен презентация арқылы танысып, заманауи микроскоптың артықшылықтарын көрді.
«Смайлик» жазғы лагерінің балалары мен біздің тұрақты оқырмандарымыз оптикалық құрылғының құрылымымен танысқаннан кейін: су, тұз, қант, құс қауырсындары, жапырақтар, пияз, мақта, таңғыш, жіп, шаш сынды әртүрлі үлгілерді қарастыратын бірқатар тәжірибелер жүргізді. Балалар практикалық сабақта микроскоп арқылы көзге көрінбейтін объектілердің үлкейтілген бейнесін көруге болатынына көз жеткізді.
Микроскоп арқылы нені көре алды? Қатысушылар пияз кесінділерінің, жапырақтардың бөліктерін қарастыра отырып, олардың жасушалар деп аталатын кішкентай әртүрлі бөлімдерден тұратынын көрді. Судағы қара нүктелер, яғни бактерияларды қарастырды. Құм бөлшектерін қараған кезде олар минералдарға ұқсас үлкен тастарды көрді.
Танымдық сабақтың соңында балалар үшін «Барлығы микроскоп туралы» атты қызықты кітаптарға шолу жасалды.

1
2а
3
3а
4
4а
6
6а
7

«ORDAGEN» жобасы

15 маусым күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырумен Қарағанды облысы бойынша «ORDAGEN» жобасының директоры Гүлден Төлеуқұлқызы Ертаубаевамен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары мен 31 балалар кітапханасының кітапханашылары қатысты.
Гүлден Төлеуқұлқызы кітапханашылар назарына «ORDAGEN» жобасы және «Бұлақ неге бұртиды?» атты алғашқы ертегісінің тұсаукесерін ұсынып, «Орда» ертегілерінің 1-ші кітабы және «Мың бояулы Орда» мен «Экономист Берке аю» атты кітаптарының таныстырылмын көрсетті.
Бұл ерекше кітапта кәсіп деген не, ақша қайдан алады, оны қалай жұмсаған дұрыс, және де осы сияқты көптеген сұрақтарға жауап бар.
Жоба аясында балаларға арналған осындай сапалы пайдалы бірнеше кітаптар шығару жоспарлануда.

199816129_2836251186592407_1334819713693708992_n
199805468_2836251229925736_1805428656740259915_n
199811203_2836251223259070_4734352567690950416_n
201023464_2836251243259068_5151353626904223064_n
201360740_2836251226592403_4255157548950228605_n
201740055_2836251219925737_8002019863733484944_n
202088882_2836251246592401_4964193605975355716_n

Ұлттық мәдениет күні. «Ұлттық ою-өрнектер түрлері» шығармашылық сабақ

Ұлттық мәдениет күніне орай біздің оқырмандар «Гвоздичка» бала-бақшасының бүлдіршіндерімен бірге «Ұлттық ою-өрнектер түрлері» атты шығармашылық сабағына қатысты.
Кітапханашы қатысушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, оның басты элементтері жайлы әңгімелеп берді.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері арқылы халықтың салт-дәстүрлерін танып білу, ал аппликация жасау баланың шығармашылық ойлауын дамытады.

IMG_3797
IMG_3802
IMG_3806
IMG_3807
IMG_3813
IMG_3817
IMG_3821
IMG_3836
IMG_3845
IMG_3849

«Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» онлайн-әңгіме

11 маусым күні балалар жазушысы, сценарист «Алтын Тобылғы – 2017» әдеби сыйлығы, «Жылдың үздік балалар әдебиеті» номинациясының лауреаты, «Әмина Тұран номадтар елінде» атты алғашқы отандық балалар-жасөспірімдер фэнтези-романының және «Менің Қазақстаным» атты екі кітаптың авторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы Зәуре Төрехановамен «Бүгінгі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер» атты онлайн әңгіме өткізілді.
Іс-шара барысында жазушы «Алматыкітап баспасы» шыққан «Амина Туран в стране номадов» атты тұңғыш қазақстандық балалар мен жасөспірімдер фэнтези-романының, «Менің Қазақстаным» патриоттық сериясындағы екі кітаптың жасалғаны туралы білді.
Жазушы өзі туралы, шығармашылығы туралы, «Айтшы, әжетай» балалар журналымен ынтымақтастық туралы, осы журнал беттеріндегі әдеби байқаулар туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті, Қазақстанның қазіргі заманғы жазушыларының шығармашылығымен танысуға кеңес берді, сондай-ақ қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі үрдістер туралы өз пікірімен бөлісті.

Көңілді ағылшын

Жаз айында 5 – 10 жас аралығындағы балалар үшін, әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 14.00-де «Көңілді ағылшын» сабағы өтеді.
«Көңілді ағылшын» сабақтарын Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің шетел тілдері факультетінің II курс студенттері өткізеді.
Алғашқы сабақтарда «The little House. Теремок» ертегісі оқылып, ойын түрінде дене мүшелерінің атауларын үйретті.
Ол үшін «Вodu Song» бейнеролигі қолданылды. Балалар өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жетекшінің айтқандарын қайталап, бейнероликте берілген әнді шырқады.
«Көңілді ағылшын» сабағы балалардың сөздік қорын өлеңдер, әндер, санамақтар, жаңылтпаштар және сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы толықтыру үшін қажет.
Барлық жас оқырмандарымызды «Көңілді ағылшын» сабағына шақырамыз!

0
5
6
1
2
3
4

«Дарқан дарын» кітап көрмесі

Көрнекті жазушы, ақын, драматург, «Құрмет» орденінің иегері Софы Сматаевтың 80 жасқа толу мерейтойына орай кітапханада «Дарқан дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жазушы оқырмандар игілігіне тоғыз роман, он үш повесть, он төрт пьеса, он екі дастан және әңгімелер мен өлеңдер ұсынған. Олардың ішінде он төрт елдің тіліне аударылып, әлем халықтарының рухани байлығына айналған туындылары аз емес. Соның бірі де бірегейі оның «Елім-ай» трилогиясы. Бұл қазақ тарихының ең күрделі әрі ауыр дәуірінде туған осы атаулы халық әні тарихымен тікелей байланысты.
Сондай-ақ көрмеге қаламгердің «Алау», «Ақжелең», «Алғашқы асу», «Жарылғап батыр», «Қайран жастық», «Мен – тірімін!», орыс тілінде «Время первой травы», «Песнь моя – боль моя» және т.б кітаптары қойылды. Барлығы 24 басылым оқырман назарына ұсынылады.
Софы Қалыбекұлының ғибратқа толы шығармаларын біздің кітап көрмемізден 16 маусым айынан 16 шілдеге дейін алып оқуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.

1
2
3
4
5

Кітапханалық кинозал. «Менің атым Қожа» фильмі

Әрбір бала армандағанды, қиялға берілгенді, ойнағанды, саяхаттағанды сонымен бірге қызықты фильмдер мен мультфильмдер көргенді ұнатады.
Әр бейсенбі сайын кітапхананың кинозалында балалар үшін әртүрлі фильм және мульфильмдер көрсетіледі. 10 маусым күні кітапхананның тұрақты оқырмандарына қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісімен «Қазақфильм» студиясыда түсірген «Менің атым Қожа» фильмі көрсетілді.
Сондай-ақ балалар әр жылдары шығарылған «Менің атым Қожа» кітаптарын көріп танысты.

IMG_3741
IMG_3743
IMG_3744
IMG_3749
IMG_3750
IMG_3751