Archive Қыркүйек 2021

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірме

Оқырмандарымыз Абиев Даниил және Исабекова Линара үйірменің кезекті сабағына қатысты.
Жазғы демалыстан кейін кітапханамызда «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі өз жұмысын қайта жалғастыруды.
Сабақтың басты кейіпкерлері жұмсақ ойыншықтар болды. Балалар жұмсақ ойыншықтардың атын дұрыс айтуды, олардың түсі мен материалын қазақ тілінде айтып үйренді.

photo_2021-09-09_15-38-46
photo_2021-09-09_15-38-56
photo_2021-09-09_15-39-01
photo_2021-09-09_15-39-32
photo_2021-09-09_15-39-34
photo_2021-09-09_15-39-45

Тілдер күні

Кітапханада Қазақстан халқы тілдері күні жыл сайын атап өтіледі.

Биылғы жылы 3 қыркүйекте Қарағанды облысының  тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығының әдіскері Асия Даниярқызы «Тілге құрмет – елге құрмет» бейнеәңгіме барысында қазақ тілін дамыту, тілді меңгерудегі жаңа әдістемелік тәсілдер, қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы ақпаратпен бөлісті.

https://www.instagram.com/p/CTW3vQGDnE8/

WhatsApp Image 2021-09-07 at 10.43.06
WhatsApp Image 2021-09-07 at 10.43.07

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының онлайн көрсетіліміне қатысу мақсатында ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте кітапхана ұжымының жиналысы өтті. Президент Қ.К.Тоқаевтың баяндамасы аяқталғаннан кейін ақпараттық -түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кітапхана басшысы Б.Қ.Уатаева Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталды. Жас мамандар ең төменгі еңбекақыны көтеру, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтар қойды.
Кітапханашылар бюджет саласы қызметкерлерінің бірқатар санаттарының (мәдениет, архивтер, кітапханалар және т.б. мекемелер қызметкерлерінің) еңбекақысын 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 20%-ға арттыру жөніндегі ҚР Президентінің тапсырмасын Жолдаудағы маңызды және мәнді бағыт деп атап өтті.
Кездесу барысында әлеуметтік сала, экономика, бизнес, қаржы секторы, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары, сот жүйесі және сыртқы саясат сияқты ел өмірінің түрлі салаларын қамтитын ҚР Президенті Жолдауының тапсырмаларын сапалы жүзеге асырудың әр түрлі аспектілері бойынша белсенді пікір алмасу болды.