Archive Қазан 2021

«Жетістік формуласы». Мыңжылқы Бердіқожаев.

2021 жылдың 28 қазан күні «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының кезекті түсірілімі жоғары дәрежелі нейрохирург дәрігер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Мыңжылқы Бердіқожаевпен өтті. Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургия орталығының басшысы, денсаулық сақтау ісінің магистрі, 5000-ден аса сәтті ота жасап, пациенттердің ризашылығына бөленген жан.
Іс-шараға Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, С. Сейфуллин атындағы гимназия, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары және Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің студенттері қатысты. Балалар мен қонақ арасындағы диалог көңілге жағымды, әсерлі өтті.
«Мыңжылқы үшін медицина қалай басталды?» – деген сауалға: «6- сыныпта оқыған кезде, бір себеппен дәрігерге қаралу керек болды. Отбасымыздың досы хирург болып жұмыс істейтін, Сол кісінің сөйлеу мәнері, тіл байлығы, өзін-өзі ұстауы, нақты диагноз қоя білгені мені таңқалдырып, өскен кезде дәрігер болсам ба деген арманыма негіз болды»,– деді Мыңжылқы Бердіқожаев.
Нейрохирургия-күрделі мамандық, әрі өте қызықты мамандық. Мыңжылқы Сайлауұлының медицинаның ішіндегі нейрохирургияны таңдауына нейрохирургияда жалпы хирургия сияқты қосымша травматологияның элементтерінің екендігі себеп болған.
Қонақ күрделі оталарға қатыса жүріп, ағылшын тілін өз бетінше қалай меңгергенін айтып барді:«2008 жылы А.Драгункиннің «Быстрый английский для энергичных лентяев» деген кітабықолыма түсіп, сол кітапты оқып, ағылшын тіліне қызығушылығым артты. Жалпы тілді меңгеру үшін 5 жылдай уақыт кетті. Германияға барғанда, шетелдік дәрігермен сөйлесу үшін 1 айдың ішінде ағылшын тілі деңгейін көтеру керек болды. Көп ұзамай ағылшын тілінде еркін сөйлеуді ғана емес, күрделі кәсіби терминдерді меңгеруге қабілетім жетті», – деді ол.
М.Бердіқожаевтың өмірде үлгі тұтатын тұлғалары ретінде хирургияны үйреткен ұстазы Шимон Маймон мен Германияның Эссен қаласындағы «Alfried-Krupp Krankenhaus» емханасының профессоры Рене Шапонды атап өтті.
Сұхбат барысында кез келген мамандық иесі болу үшін білімді болудың маңызды екендігін, еліне, жеріне деген патриоттық сезімнің жоғары болуын сөзге тиек етті. Мыңжылқы Сайлауұлы әлемді мойындатқан маман болса да, өз еліне, тіліне деген құрметін. Өмір ұстанымы екенін өз елімде, өз ұлтымды ана тілінде сөйлеп емдегінімнен ләззат аламын деген жауабы арқылы балаларға ой тастады.
«Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының шарты бойынша қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақтарды таңдап, оқушыларға естелік ретінде кітаптарды сыйға тартты.
Жоба ұйымдастырушылары Мыңжылқы Бердіқожаевқа А. Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және табыстылық пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.

IMG_5573
IMG_5577
IMG_5555
IMG_5565

 

«Әлем балалық шақтан басталады»

Қазақстан 2021 жылы қазақ педагогы – ағартушы, жазушы, фольклортанушы, қоғам қайраткері, ғалым – этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдық мерейтойын атап өтеді.
28 қазанда кітапханада қала оқушылары үшін «Әлем балалық шақтан басталады» атты арнау кеші өткізілді.
Балаларға Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, № 3 гимназия мен №63 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары оның өлеңдерін оқыды.
Тәттімбет атындағы өнер колледжінің режиссерлік бөлімінің студенттері тақырыптық қойылымдар көрсетті.
Іс-шараға қатысқандар Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен, кітапхана қорындағы ол және оның шығармашылығы туралы әдебиеттермен танысты.

1
3
4
5
6
7

«Жетістік формуласы». Аяла Қонақбаева.

«Жетістік формуласы» тележобасының түсірілім алаңында жаңа кездесу өтті. Бұл жолғы қонақ – бизнесвумен, SK Boxing бокс спорт орталығы желісінің негізін қалаушы, атақты боксшы, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың қызы Аяла Қонақбаева.
Қонақпен кездесуге №53 мектеп-лицейінің, облыстық мамандандырылған спорт мектеп-интернатының және Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв колледжінің оқушылары келді. Балалар қонақпен кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алдарында өзінің сенімінің арқасында өмірде жетістікке жеткен жас қыздың тұрғанын түсінді.
Аяла – ашық, позитивті, мейірімді адам, ол үшін отбасылық құндылықтар өте маңызды. Бойжеткен айналасындағы адамдармен қарым-қатынастың басты ережесі құрмет болып табылатынына өте сенімді. Басқа адамдарды құрметтеу және өзін-өзі құрметтеу бір-бірімен тығыз байланысты. Өзіне деген құрмет пен жауапкершілік адамнан күш-жігерді, оның ішінде ақыл-ойдың беріктігін, өз денсаулығына, өмір салтына, өмірлік бағдарларына талап қоюды қажет етеді.
Балалар қойылған сұрақтардың арқасында Аяланың салауатты өмір салтының қатаң ережелерін ұстанатынын білді, бұл ол үшін кәдімгі, таныс, қалыпты жағдай болып саналады. Оның күні сағат бойынша белгіленген: сағат 6-да – тұру; түскі сағат бірден үшке дейін – жаттығу; 18.00-ден кейінгі уақытын Аяла тек отбасына арнайды; 21.30 – ұйықтауға жатады.
Атақты спортшының қызы кәсіби спортқа өте шынайы көзқараспен қарайды. Бойжеткен кәсіби спорт спортшының денсаулығы мен тұлғасына қатты әсер ететінін мойындайды. «Кәсіби спортшылардың денсаулығында елеулі проблемалар болуы мүмкін. Сондықтан кімде-кім спорт түрін таңдаса, ол алдына қойған мақсаттарын анық білуі керек» – дейді бойжеткен.
Америка университеттерінің бірінде білім алған қонақ жоғары сапалы білім, білімдарлық, қызметтің әртүрлі салаларындағы танымдық білім, кітап оқу өмірде өте қажет деп санайды. Аяла отандық мектептің (американдық білім беру жүйесімен салыстырғанда) елеулі артықшылықтары бар екенін атап өтті. Біздің біліміміз әртүрлі білім салаларын қамтитын әмбебап болып табылады.
Аяла жеке жетістігінің формуласы туралы сұраққа жауап бере отырып, өмірде адамның өзіне ғана емес, ең бастысы, айналасындағы адамдарға, қоғамға пайдасын тигізетін сүйікті жұмысын табуы қажеттігін атап өтті. Өмірдегі барлық жұмысы абыройлы болуы тиіс. Тек осылай ғана бақытты өмір сүруге болады.
Қонақтың пікірінше, соңғы сұрақ ең жақсы сұрақ болды. Аяла дәл сол сұрақты таңдап алып, оның авторы, спорт интернатының 7 «А» сынып оқушысы Валерия Марковаға бокс қолғабы мен фирмалық жейдені сыйға тартты.
Ал қонақ қоятын дәстүрлі сұрақ «Сіз үшін бақыт деген не?» болды. Мектеп оқушыларының көпшілігі сүйікті ісімен, хоббиімен айналысу бақыт деп санайтындарын мойындады.
Түсірілімге 34 адам қатысты.

IMG_5479
IMG_5484
IMG_5489
IMG_5492
IMG_5498
IMG_5520
IMG_5551
photo_2021-10-26_17-22-13

Балапан

Бүгін «Шуақ» шығармашылық студиясының сабағында жағымды атмосфера орнады.
Балалармен Эмма Мошковскаяның «Балапан Куд-Кудакиге келе жатты» атты қызықты, жеңіл туындысын оқығаннан кейін басты кейіпкер – тауықтың бейнесі жасалды. Ол жарқын және тентек болып шықты, және оны жасау үшін картон, түрлі – түсті қағаз, мақта мен гуашь қолданылды.

243234003_2911514969066028_5039220222139833214_n
243523254_2911514965732695_1923842770522542776_n
243934038_2911514955732696_8274651450910549922_n

Экскурсия

Кітапханада 18 қазан күні «Ақпараттық технология» мектеп-интернатының 5-8 сынып оқушыларымен экскурсиясы өткізілді.
Балалар кітапхананың тарихы және бөлімдерімен танысып, кітап пайдалану ережелерімен хабардар болды.
Кітапханашы балаларға қазақстандық жазушылар С. Мұратбеков пен Р.Сейсенбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған кітап көрмелерімен таныстырды.
Кітапхана ішіне саяхат жасаған балалар, кітапханаға жазылуға және жақсы әрі ұқыпты оқырман болуға ниет білдірді.

IMG_5333
IMG_5338
IMG_5350
IMG_5355
IMG_5356
IMG_5362
IMG_5366
IMG_5372
IMG_5374
IMG_5375

«Жетістік формуласы». Салтанат Ахметова

2021 жылғы 15 қазанда «Жаңа телевидение» телеарнасының түсірілім алаңында «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті жазбасы өткізілді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Операның» жетекші солисі, ресейлік «Үлкен опера» тележобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова бағдарлама қонағы болды.
Музыкамен айналысатын, вокал студиясына баратын және академиялық әншілікке оқитын балалар жас опера әншісін студияда қарсы алды.
«Астана Опера» театрының дарынды солисі Салтанат Ахметова өзінің балалық шағынан естеліктерімен бөлісті: «Мен кішкентай кезімнен филармонияда болдым, радиодан берілетін классикалық музыканы жақсы көретінмін. Классика маған әрқашан керемет әдемі болып көрінетін. Мен өмірімді операмен байланыстыруды армандадым. Бала кезімнен музыка менің жүрегімде болды». Кішкентай Салтанат әйгілі опера орындаушыларының таңғажайып дауыстарын тыңдап, оларды сүйіспеншілікпен қайталайтын, егер оның әуені ұқсас дыбысталса қатты қуанатын.
Балалар опера саңлағынан кәсібіндегі қиындықтар туралы, оларды қалай жеңу керектігі жөнінде кеңес сұрады. Олар Салтанаттың музыкаға деген қызығушылығын ата-анасының бала кезінен қатты қолдағанын білді. «Ата – ананың өз баласының қызығушылығын түсінгені өмірдегі ең жақсы ұстаным», – деді Салтанат.
Балалардың сұрақтары көп болды. Опера әншісі балаларға сахнадағы толқуды қалай жеңетінін айтты, бос уақытында соул, блюз тыңдағанды ұнататынын және үйде караокеде ән айтатынын атап өтті.
«Қазір мен классикалық музыканы орындауға ынталы және оны жақсы көретін көптеген дарынды балаларды кездестіремін, оларға сабақ беремін. Операға қызығушылық танытатын адамдар барда, оның ғұмыры ұзақ болмақ», – деді Салтанат.
Қонақ бағдарлама шарты бойынша балалар қойған ең жақсы сұрақты анықтауы тиіс еді. Ал Салтанат диалогқа қатысқан барлық баланы ынталандырып, бағдарламаның әрбір қатысушысына Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының музыкалық қойылымына билет сыйлады.
«Астана операның» жетекші солисі С.Ахметова бағдарлама ұйымдастырушыларынан ретінде «Жетістік формуласы» мүсіншесі мен Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабын алды.

IMG_5318
IMG_5320
IMG_5322

«Полимер құрттары» тәжірибесі

15 қазан сағат 15.00-де «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында кезекті «Полимер құрттары» атты тәжірибеміз өтті, оған белсенді оқырмандарымызбен №15 ЖББОМ-тің оқушылары қатысты.
Балалар көп клеткалы жануарлар әлемімен танысты. Зертханамызда полимер құрттарын қалай дайындауға болатынын, олардың қандай керемет қасиеттері бар екенін білуге мүмкіндік алды.
Өткізілген тәжірибе қарапайым және қауіпсіз болды, ол үшін натрий альгинаты, кальций хлориді, қызыл мен жасыл бояғыш және жылы су пайдаланылды.
Қызықты да танымды өткен практикалық сабақтың соңында «Таңғажайып тәжірибелер мен эксперименттер» атты кітаптарға шолуы жүргізілді.

1
2
3
4
5
6
7
8

«Тез оқуды үйреніңіз» атты Республикалық балалардың жылдам оқу сайысы

2021 жыл-балалар әдебиеті жылы аясында 14 қазан күні Zoom платформасы арқылы Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен «Тез оқуды үйреніңіз» атты Республикалық балалардың жылдам оқу сайысына Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының оқырмандары Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия және №17 ЖББОМ-тің 3-сынып оқушылары барлығы 6 үміткер қатысты. Балалар «Алдар көсе хикаялары» атты кітаптан мұқият және тез оқу арқылы сайысқа түсті.
Сәкен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы атынан барлық қатысушы оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

1
2
3
4
5
6

Рухани келісім – бейбітшілік тірегі

18 қазан – Рухани келісім күні. Қазақ даласының шексіз кеңістігі бір шаңырақ астында әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіреді және олардың барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.
Кітапханада жас оқырмандарға арналып «Рухани келісім – бейбітшілік тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Оқырмандардың рухани келісім мен толеранттылық туралы білімдерін кеңейту.

245266061_2923123944571797_2440672415253769657_n
245282732_2923123987905126_6501382280169850025_n
245706610_2923123951238463_4531579085590816030_n

«Сиқырлы ағаш»

Бүгін «Шуақ» шығармашылық студиясының сабағында «Сиқырлы ағаш» жасады. Балалар бұл тамаша қолөнер бұйымын «Ғажайып бақ» қазақ халық ертегісімен танысқаннан кейін жасады.

242761801_2921683804715811_2904869303578581869_n
245154501_2921683814715810_1879081296544334261_n
245391397_2921683801382478_1198215745643516755_n