Archive Қаңтар 2022

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

27 қаңтарда «Қауырсын қалам» әдеби клубында жаңа іс-шаралар маусымының ашылуы өтті. Әдебиетке қызығушылық танытқан балалар және жас ақындар «Поэзия әлемі» атты поэзия жиынына қатысты. Жиында қатысушылар бір-бірімен танысып, өз шығармашылығы мен болашаққа жоспарлары туралы айтып, клубтың бір жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.
Соңында қатысушылар «Бастаушы ақындардың типтік қателіктері» ролигін қарап, талқылады, онда көптеген пайдалы практикалық кеңестер табылды.
Клубтың жаңа іс-шаралары туралы тілек білдірушілер кітапхананың әлеуметтік желілердегі жарияланымдарынан біле алады.

IMG_7810
IMG_7814
IMG_7817
IMG_7823
IMG_7836

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Қазақ тілін үйренуге арналған «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің үйім» тақырыбына арналды. Сабаққа алғаш рет Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 3 курс студенті Балташ Дария қатысты. Қазақ тілін оқып үйренуге ниеттенген Дария өзіне берілген қызықты тапсырмаларды белсенді орындады.

IMG_7804
IMG_7803

«Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» кітап көрмесі

Кітапхана пайдаланушылары үшін «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы» кітап көрмесі атты ұйымдастырылды.
Көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдар біздің қазақстандық қоғамның рухани жаңару стратегиясын түсінуге, ой талқысынан өткізуге және оны қабылдауға көмектеседі.
Бұл серияның басылымдары арасында облыстық тарихи өлкетану мұражайының қалыптасу тарихы туралы әңгімелейтін «Музей және тарих» жинағы, «ХХІ ғасыр музейі: музейлерді дамытудың замануи үрдістері мен перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы бар. «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының бірінші томында Астана мен Алматы қалаларының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен қасиетті орындары, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері және ұлттық құнды мәдени мұралары енгізілген.
«Сарыарқаның тарихи – мәдени мұрасы» ғылыми кітабында оқырмандарды Қарағанды облысы аумағында жылдар бойы жиналған мұражай артефакттарымен, сәндік – қолданбалы өнер заттарымен таныстырады.
«Туған жер – тұғырың» көркем фотоальбомы еліміздің ең тартымды жерлерін – ежелгі киелі ескерткіштерден бастап жас астананың заманауи сәулеттік ғимараттарына дейін кеңінен ашып көрсетеді.
Бұл кітап көрмесі еліміздің даму жолындағы жетістіктері жайында кітаптармен мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. Құрметті оқырмаңдар! Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

IMG_7757
IMG_7758
IMG_7753
IMG_7751
IMG_7750
IMG_7759

«Ең үздік 10 кітап»

Назарларыңызға алдағы 2022 жылғы алғашқы «Оқу уақыты» – «Ең үздік 10 кітап» ұсынамыз.
Бірде-бір ересек адам кітапқа баланың көзімен қарай алмайды, сондықтан кітапхана мамандары балалардың өздерінің және ата-аналарының пікірін тыңдайды. Осылайша, біздің 6+ дейінгі «Ең үздік 10 кітап» құрастырылды.
Мұнда оқырмандар арасында ең танымал балаларға арналған кітаптар жинақталған.
Келіңіздер, оқыңыздар!

«Жазушылардың мерейтойлары 2022 жыл» өлкетану кітап көрмесі

Кітапханада өз өлкеміздің көрнекті тұлғаларының айтулы датасына байланысты «Жазушылардың мерейтойлары 2022 жыл» атты өлкетану кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмеге қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, зерттеуші Жайық Бектұровтың 110 жылдығына орай «Өткел», «Жол жоралғысы», «Таңба» «Енеден ерте айрылған төл секілді» кітаптары және зерттеуші, натуралист Юрий Поповтың туғанына 85 жыл толуына байланысты «Қарқаралы», «Их помнит Сарыарка», «Свидание с Сары-Аркой», «Каркаралинские узоры», «Каркаралинские находки», «Под небом Каркаралы» т.б басылымдар қойылды. Жазушы, әдебиет зерттеушісі ғалым Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақтың күй өнері», «Алаштың аяулы Ақселеуі», «Ойтолғақ», «Қазақ әлемі», «Алаштың Ақселеуі» және Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, ақын, қаламгер Жеңіс Қашқыновтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ашылған сыр», «Ағаны жұрт мақтайды», «Ақжолтай Ағыбай батыр», «Он тоғызыншы биіктік», «Соқпақтар», «Заңғар» атты кітаптары қойылды.
Әрине, аталған даталармен осы жылға арналған әдеби күнтізбенің байлығы сарқылмайды. Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады, сондықтан жаңа басылымдардың түсуіне қарай жаңартылады.
Барлық ниет білдірушіоқырмандарды кітапханаға шақырамыз!

IMG_7670
IMG_7677
IMG_7679
IMG_7680
IMG_7683
IMG_7686
IMG_7688
IMG_7689
IMG_7690

 

Кітаппен демалу

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға «Кітап.Уақыт.Біз» атты жаңа кітаптар көрмесін ұсынамыз.
Кітапхана оқырмандары фэнтезиді ұнататын көпшілігі Ли Бардуго, Шеннон Мессенджер, Себастьян де Кастела, Анна Джеймстің кітаптарын тағатсыздана күтті.
Балаларды детективті оқиғаларды ұнататындарды Агата Мистери мен ағайынды Хардилердің шытырман оқиғаларына арналған жаңа басылымдар қызықтырады. «Qasym баспа үйі» баспасында әлемдік классиканың қазақ тіліндегі көптеген тамаша аудармалары жарыққа шықты.
Бір сөзбен айтқанда, құрметті оқырмандар, сіздерге қысқы демалыс кезінде міндетті түрде кітапханаға келу керек. Сіздер біздің көрмелерден көптеген қызықты әдебиетті көресіздер!

WhatsApp Image 2022-01-05 at 15.49.14
WhatsApp Image 2022-01-05 at 15.49.15
WhatsApp Image 2022-01-05 at 15.49.16
WhatsApp Image 2022-01-05 at 15.49.18
WhatsApp Image 2022-01-05 at 15.49.20
WhatsApp Image 2022-01-05 at 15.49.22
WhatsApp Image 2022-01-05 at 15.49.23

 

«Баспа кітаптарды ұсынады…» кітап көрме

Кітапхана жаңа жылда жаңа кітап көрмелерін ұйымдастырды. Жоғары бөлімнің абонементінде «Баспа кітаптарды ұсынады…» атты кітап көрмелерінің циклі басталады.
Оқырман назарына «Фолиант» баспасы басылымдарын ұсынып отырымыз. Қазақстандық «Фолиант» баспасы кітап өндірісінде 1996 жылдан бері жұмыс жасап, қазақ және орыс тілдерінде оқу, ғылыми, көркем, заңгерлік және басқа да арнайы әдебиеттерді басып шығарады.
Әрбір басылым – аппақ қағазға басылған және техникалық көрсеткіштерінің сапасымен ерекшеленетін көркем кітап.
Барлығыңызды осы баспаның кітаптарымен танысуға шақырамыз! Сіздерді кітапханада күтеміз!

 

WhatsApp Image 2022-01-05 at 16.48.23
WhatsApp Image 2022-01-05 at 16.48.22
WhatsApp Image 2022-01-05 at 16.48.21
WhatsApp Image 2022-01-05 at 16.48.20
WhatsApp Image 2022-01-05 at 16.48.20 (1)

 

 

«Сен-біздің бірінші оқырман»

Әне-міне дегенше 2022 жыл да келді. Бүгін біздің кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашып, жаңа жылдың ең алғашқы жас оқырмандарын қарсы алды. Кітап оқуға деген құмарлығымен кітапханаға ең алғаш болып келген балалар арнайы медальмен, жаңа жылдық естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Сен-біздің бірінші оқырман» атты дәстүрлі шараның қатысушылары:
1. «Рукавичка» балаларды дамыту орталығы тәрбиеленушісі, Ивлев Егор
2. Шәкәрім атындағы гимназияның 3 сынып оқушысы, Шнитко Татьяна
3. №63 ЖББМ 2 сынып оқушысы, Лукьянчук Арина
4. «Erfolg» балабақшасының тәрбиеленушісі, Бейімбет Ислам
5. Қазақстан-Америка мектебінің 7 сынып оқушысы, Русланұлы Әділбек
6. №37 НОМ 5 сынып оқушысы, Григоркевич Яна
7. №101 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, Шаркеева Лейла
8. №63 ЖББМ 10 сынып оқушысы, Лукьянчук Вероника
9. Е.А. Букетов атындағы ЖББМ 5 сынып оқушысы, Василечко Вячеслав

1
3
4
5 (2)
6
7
9
2
8