Archive Ақпан 2022

«Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» кітап көрмесі

Биыл қазақ руханиятының көрнекті өкілі Қаздауысты Қазыбек бидің 355 жылдық мерейтойы.
Осыған байланысты кітапханада «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Қазыбек бидің қазақ руханиятындағы тарихи тұлғасын дәріптеу, рухани мол мұрасын зерттеу, шешендік өнерді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында Ж.Артықбаевтың «Қаз дауысты Қазыбек би», Ж. Омаридің «Қаз дауысты Қазыбек би» және «Қаз дауысты Қазыбек би» энциклопедиясы және мерзімді басылымдардағы мақалалар жинақталды.
Құрметті оқырмаңдар! Қазыбек бидің мол мұрасымен танысуға Сіздерді шақырамыз!

IMG_7961
IMG_7962
IMG_7963
IMG_7964
IMG_7969

«Speaking Club» клубы

10 ақпан күні кітапханада «Speaking Club» клубы аясында ағылшын тілін үйренемін деушілерге арналған кездесу өтті. Қатысушылар ағылшын тілін меңгерген Бұхарәлі Нұр Банумен кездесіп, тіл үйренеміз деп ниет білдірген оқырмандарымызға көмектесуге ықылас білдірді.
Клубтың міндеті – сүйіспеншілік пен шет тілінде қарым-қатынас жасау қажеттілігін ояту, оқуды жеңіл әрі қолжетімді ету.
Жылы және достық жағдайда балалар «жанды» қарым-қатынас арқылы бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлесті.

photo_2022-02-10_16-52-14
photo_2022-02-10_16-52-17
photo_2022-02-10_16-52-19
photo_2022-02-10_16-52-24
photo_2022-02-10_16-52-26
photo_2022-02-10_16-52-27

«Шуақ»

«Шуақ» шығармашылық студиясының сабағында қазақ халық ертегілерімен таныстыру жалғасуда. Бүгін біз балаларға «Батырлар туралы» ертегі оқыдық. Үйірме мүшелері батырлардың нағыз досы жылқылар болып табылатынын білді. Ат – шынында адамның адал да сенімді досы. Ертегіні талқылағаннан кейін, студия қатысушылары жіппен, желіммен және басқа да материалдарды қолда отырып жылқы бұйымын жасады.

7
6
5
4
3
2
1

«Мөлдіреп аққан бұлақтай» әдеби салон

2022 жыл – Балалар жылы және балалар әдебиеті жылы аясында кітапханада Қазақстандық ақын – жазушылардың өмірі мен шығармаларына арналып көптеген іс-шаралар өткізіледі. Қазақ балалар әдебиетінде үлкен орны бар көрнекті жазушымыздың бірі – Молдахмет Қаназов.
М. Қаназовтың туғанына 80 жасқа толуына орай №3 гимназияның 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Мөлдіреп аққан бұлақтай» атты әдеби салоны өткізілді. Балалар автордың «Чика – Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры» атты шығармаларымен танысты.
Осының ішінде «Чика – Дабылдың баласы» атты хикаяты өзінің жазылу формасымен дараланған шығарма. Оқушыларға шығарманының желісі түсіндіріліп, кейіпкерлердің іс-әрекеті талқыланды.

IMG_7919
IMG_7956
IMG_7921
IMG_7927
IMG_7939
IMG_7945
IMG_7951
IMG_7955

«Көңілді ағылшын»

Жексенбі күні кітапханада «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің отбасым» тақырыбында өтті. Балалар «Family» ойынын ойнады. Ойында отбасы мүшелерінің атауын суреттерімен сәйкестендірді.
Сабақ соңында «Finger Family. Саусақтар отбасы» әнін айтып, отбасы мүшелерінің атауын ағылшын тілінде жатқа айтып берді. Балалар үшін сабақ қызықты өтті.

5
4
3
2
1

«Болашақта кім болам?»

Қазақ тілін үйренуге арналған «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Болашақта кім болам?» тақырыбына арналды.
Стикер-квотадағы ойынның арқасында сабақ өте қызықты өтті. Балалар мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, заңгер т.б. атауларын қазақ тілінде дұрыс айтып үйренді.

IMG_7879
IMG_7887
IMG_7894
IMG_7895
IMG_7905
IMG_7908

«Жүрегі жырдан құйылған»

Бүгін кітапханада ақын, жазушы, композитор, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Тілеуғазы Бейсембектің 80 жасқа толуына орай «Жүрегі жырдан құйылған» атты виртуалды портрет өткізілді.
Іс-шарада №6 ЖББМ-тің 3-сынып оқушыларына Т.Бейсембектің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Балалар жазушы ақынның шығармашылық жолына арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп, мерейтой иесі Т.Бейсембектің «Евтерпаның құпиясы», «Мерекелер», «Ертеңбектің ерліктері», «Қыңыр лақ» және т.б кітаптарымен танысты.

1
2
3
4
5
6
7
8

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Алаш» қозғалысының көрнекті өкілі ғалым, ағартушы, ақын, публицист, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға таңдалынды. Кітапхананың оқу залында ұлттық жазудың реформаторы қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы А. Байтұрсынұлының шығармаларына арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде оқырмандар жүйелі түрде әдебиеттану, тіл білімі, педагогика, түркітану, абайтану, аударма салаларында елеулі із қалдырған А.Байтұрсынұлының еңбектерімен танысады. Оның қаламынан өлең, мысалдар, эссе және т.б. жанрларда жазылған шығармалар жарық көрген. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.38
WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.40
WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.43
WhatsApp Image 2022-02-01 at 17.04.45