Сәуiр 29, 2022 «Кітапханалық керуен» руханият әлеміне шақырады!» By odb-abai inЖаңалықтар Міне, біздің кітап керуеннің алғашқы сапары Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылына барып аяқталды. Сіздерді 100-ден астам балалар мен ересектер қатысқан оқиға орнынан фото және бейнематериалмен бөлісеміз. Мектеп алаңында мерекелік атмосфера орнады, балалар назарына «Үздік бол-кітап оқы!», «Ұлттық ойлар-ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Біз өз еліміз туралы не білеміз?», «Сөздер бұлтында» қазақ тілін, қазақ дәстүрлері мен ұлттық ойындарды білуге арналған викториналық сұрақтар қойылып оқушылар ұтымды жауап берді. Қатысушылар «Киіз үй» этноконструкторын үлкен ынтамен жинап, микроскоп қызықтарын тамашалап, қызықты ғылым аясында әр түрлі тәжірибе жасап үйренді. Кітап мерекесі сыйлықсыз бола ма? Ең белсенді балаларға білімқұмарлығы және тапқырлығы үшін кітапхана тарапынан сыйлықтар берілді. Абай атындағы ОБК басшысы Б.Қ. Уатаева мектеп кітапхана қорына кітаптар, журналдар жинағын және «Qasym» баспа үйі баспасынан қазақ тіліндегі балалар жазушыларының кітаптары табыс етті. Кітап оқуға қызығушылық ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға белсенді түрде қатысып ортақ істі іске асыруға көмектескені үшін Осакаров ОКЖ ұжымына, мектеп әкімшілігіне алғыс айтамыз. Одан әрі кітап керуені Ақтоғай және Шет аудандардың алыс елді мекендеріне ат басын бұрады. Сіздерді қызықты кездесулер мен ұмытылмас әсерлер күтеді!!!
Сәуiр 28, 2022 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Үй жануарлары» тақырыбында өткізілді. Балалар жылқы, құлын, сиыр, бұзау, қой, қозы, ешкі, лақ т.б. үй жануарларының атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған аңдардың суретін тауып, олар туралы айтып берді.
Сәуiр 28, 2022 «Қауырсын қалам» клубы By odb-abai inЖаңалықтар 28 сәуір күні «Қауырсын қалам» клубы мен поэзия әуесқойларының кезекті жиналысы өтті. Балалармен кездесуге Қарағандылық ақыны Олег Русских келді. Автор қатысушыларға өзінің шығармашылық құпиялармен бөліп, қазіргі әдебиетке, фанфиктерге, манга комикстеріне деген көзқарасы туралы айтты. Балаларды қонақтың театрлық хоббиі де қызықтырды. Кездесу кеш О. П. Русскихтың өлеңдерін оқумен аяқталды.
Сәуiр 28, 2022 Экскурсия By odb-abai inЖаңалықтар Кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысу үшін Саран қаласының №9 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері келді. Кездесу Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналды. Балалар кітапхана тарихымен танысып, кітап туралы ролик көріп, кітапханаға арналған кроссворд шешті. Қызмет көрсету бөлімдерін аралау барысында балаларды кітап қорына жаңадан түскен комикстер, ғылыми-танымдық энциклопедиялар, детективтер жанрында жазылған әдебиеттер қызықтырды. Көпшілік балалар кітапханаға оқырман болып жазылды.
Сәуiр 28, 2022 «Бірлестік достығы» By odb-abai inЖаңалықтар 28 мамыр күні Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлестік достығы» атты этностар калейдоскобы өтті. Мерекелік жиынға Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі бірлестігінің төреағасы Ирина Салагина, «Жұлдыз» хореографиялық ансамбілі және №87 НОМ 6-7 оқушылары қатысты. Қонақ балаларға украин халқының тарихы мен әдет-ғұрыптары жайлы айтып өтті. Аталмыш кеште оқушылар татар халқының әні «Туган як» орындады. Қатысушылар назарына «Жұлдыз» хореографиялық ансамбілінің бойжеткендері татар халқының биін ұсынды. Кеш соныңда викториналық сұрақтар қойылып, кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасады.
Сәуiр 22, 2022 «Уақыт машинасы» кітапхана кеші By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада Балалар жылы аясында 22 сәуір күні сағ.18.30-дан 21.00-ге дейінгі аралықта «Уақыт машинасы» кітапхана кеші акциясы өткізілді. Шараның салтанатты ашылу рәсімі өткен кейін кітапхана қызметкерлері сағат тілін кейінге шегеріп өткен жылдарға қайта оралды. Акция аясында балалар мен ересектерге «Мен кітаптың құрдасымын» кітап топтамасындағы фотофлешмоб, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды индустриалды-техникалық колледжінің музейі экспонаттарының көрмесі, «Кітапханалық банк» әдеби викторина, кітапханалық кафе, «Синематограф шақырады» диафильмдер көрсету, «Бір сәт тоқта!» блиц-турнирі, «Сиқырлы тігіс» шеберлік сыныбы, «Ретро – аспаз» – шеберлік сыныбында вафли түрлерін пісіру, «Чемоданнан шыққан ғажайыптар» театрландырылған шеберханасы, «Бізбен бірге оқы және ән сал!» кітапхана караокесі, «Ымырт кезіндегі жұлдыздарға саяхат» атты алаңдарда саяхаттауға жағдай жасалды. Қонақтар әр алаңда берілген тапсырмаларды орындап «библиоақша» алып, тапқан табыстарын кітапханалық кафеге барып жұмсап, аспазшылар ұсынған ас мәзірінен дәм ауыз тиді. Сондай-ақ, М.Бекішевтің жетекшілігімен №2 БММ «Юность» аспаптық ансамблінің шырқаған әндері мерекенің сәннін келтірді. Шараға «Qasym» баспа үй демеушілік көрсетіп және С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Қатысушыларға мерекелік лотерея билеттері таратылып, акцияның соңында лотерея ойнатылды.
Сәуiр 20, 2022 «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» кітапханалық дәріс By odb-abai inЖаңалықтар 20 сәуір күні Алаш ақыны, ғалым, қоғам қайраткері, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында кітапханалық дәріс өткізілді. Жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында кітапханада Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясы академигі, әдебиеттанушы ғалым Смағұлов Жандос Қожахметұлы дәріс оқыды. Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әліпбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді. Шараға Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, «Ақпараттық Технологиялар» Мамандандырылған Мектеп-Лицей-Интернаты, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары және «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің I курс студенттері дәріс сабағына қатысты. Дәріс барысында А.Байтұрсынұлы шығармашылығының өзекті мәселелері мен тағылымды өмір жолы, философиялық, эстетикалық және қоғамдық көзқарастары, замандастарының, ақын әрі қайраткердің шығармашылығына деген көзқарасы жайлы сөз болады. Кітапхананың оқу залында А. Байтұрсынұлынына арнап «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қаламгердің «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш», «Көп томдық шығармалар жинағы», «Өлеңдер», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» және т.б кітаптары қойылды.
Сәуiр 15, 2022 «Отты жазу» танымдық тәжірибесі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханалық «Қызықты ғылым» зертхана аясында оқырмандарға кітапханашының қадағалауымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып «Отты жазу» тәжірибесі өтті. Бұл шара балалардың қызығушылығын оятты. Не себепті жазу отпен жазылады? – деген сұрақ қатысушыларды ойландырды. Оқырмандар калий нитраты (KNO3) – деп аталатын химиялық элементпен танысты. Кітапханашы белгілі бір мөлшерде калий нитратының концентрацияланған ерітіндісін дайындады. Қағаздағы суреттің контуры бойымен калий нитрат ерітіндісін сіңдіре отырып тәжірибе жасалынды. Құрғаған қағаз парағындағы контурлық үлгіні сіріңке арқылы тұтатып ОТТЫ ЖАЗУ нәтижесін көрді. Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре алатын таңғажайып, түрлі-түсті, қызықты эксперименттік жұмыстарды жасау және бақылау оқырмандарға ұнады.
Сәуiр 15, 2022 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» By odb-abai inЖаңалықтар «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы. 27-бап. Мүгедектердiң мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi – бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады.
Сәуiр 14, 2022 Ақпараттық сағат By odb-abai inЖаңалықтар 14 сәуір күні Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру кешенді жоспары шеңберінде «Қарағанды облысы дін істер басқармасының Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ мамандары теолог М.Турапбай мен дінтанушы К.Метревели кітапхана қызметкерлері үшін экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді. Қонақтар тыңдаушыларға әлеуметтік желі беттеріндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері және сандық және ақпараттық түрдегі жеке бастың беделін қорғау үшін берілетін негізгі кеңестер туралы түсіндіріп өтті.