Archive Сәуiр 2022

«Жетістік формуласы» Мария Ауезовамен

14 сәуірде «Жетістік формуласы» тележобасы аясында жаңа кездесу өткізілді. Екі аяғына ампутация жасағаннан кейін биіктігі 5364 метр Эверест базалық лагеріне және 5640 метр биіктіктегі Кала Патхар тауына шыққан рекордшы әйел Мария Ауезова бағдарлама қонағы болды.
Шығарылымның кейіпкері еңбектенуге және өз алдына қойған мақсаттарына жетуге үйренген, бірақ студияда жиналған жастардың алдында Мария өзінің әлсіз жақтарын мойындаудан қорықпады. Ол өзінің ерекше өмірлік тәжірибесімен бөлісуге, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және көмектесуге дайын. Кейіпкердің өзі мойындағандай, бұл кездесу оған көптеген жағымды эмоцияларды бастан кешіріп, жүріп өткен жолын еске түсіруге және оған жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті.
Мария бала кезінде ең қарапайым бала болғанын, көшеде достарымен қозғалмалы ойындарды ойнауды жақсы көргенін есіне алады. Оның тұлға болып қалыптасуында отбасы үлкен рөл атқарды. Туыстары мен достарының қолдау кейіпкерге әрдайым, оның ішінде Эверест лагерлерінің бірін бағындыруға да көмектесті.
Қатысушыларды 22 жасында екі аяғынан айырылған қыздың тауға шығып, шыңды қалай бағындырғаны қатты қызықтырды. «Бұл өте қиын болды, – дейді бағдарлама қонағы, – бірақ мен оны орындадым деп жауап берді».
Марияны өмірде болған оқиға жан-жағына басқаша қарауға, бүгінгі күнмен өмір сүруге үйретті. Мария әлемді өзгерту үшін алдымен өзіңді өзгерту керек екеніне сенімді. Және оған ол қол жеткізе алды. Ол орындалмайтын жоспарларды жасамайды, әрбір жаңа күнді бағалап, жаңа адамдармен қуана танысады және өзінің өмірі көптеген қуаныштарға толы болғаның армандайды.
Қонаққа Қарағанды облыстық жоғары медбикелік колледж студенті Ульяна Кимнің «Кейіпкер қай бір уақыттарда өз ұстанымдарын ұмытып кетті ме?» – деген сұрағы ұнады.
Балалар бұл қызықты кездесу туралы оң пікірлерін қалдырды.

«Аспан әлемін бағындырған әуе акробаттары» кездесу

Кітапханада 12 сәуір күні «Аспан әлемін бағындырған әуе акробаттары» тақырыбында қызықты өтті.
Іс-шараның қонақтары Қарағанды қаласының парашют клубының нұсқаушылары Андрей Редин және Игорь Шаравин болды. Нұсқаушылар қатысушыларға өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісті, парашют түрлері және олардың құрылымы туралы айтты. Шара соңында балалар парашют рюкзактары және шлемдерімен танысты.

IMG_0410
IMG_0424
IMG_0434
IMG_0436
IMG_0441
IMG_0445
IMG_0456
IMG_0462

«Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», «Qasym баспа үйі» және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» байқау жариялайды!

Байқау объектісі Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының тұрғын емес үй-жайдың дизайн — жобасын әзірлеу болып табылады.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының тұрғын емес үй-жайдың үздік дизайн — жобасына арналған байқауы жас дизайнерлердің мансабын дамытуға қуатты серпін береді: жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға, жобаны іске асыру мүмкіндігіне ие болады.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212)41-23-25, ұялы. 8701-189-37-59 (Сәуле Жаманбайқызы), 8-7212-56-51-87 (Сүлеев Бахтияр).
Ережемен Қарағанды техникалық университетінің және Абай атындағы ОБК сайтында танысуға болады.

Франкофондық көктем 2022.

Балаларға арналған анимациялық фильмдердің көрсетілімі
Кітапханада Франкофондық көктем 2022 аясында Францияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп Қарағанды француз альянсының қолдауымен балаларға арналған анимациялық фильмдердің көрсетілімі өтті.
Франкофондық көктем француз тілін, мәдени әртүрлілікті және бүкіл франкофониялық әлемде ынтымақтастықты атап өтеді.
Көрермендер көргеннен кейін медиатормен мультфильмдерді талқылап, алған әсерлерімен бөлісті.

3
4
6
5
2

«Жәдігер» өлкетану клубы

Кітапханада бүгін «Жәдігер» өлкетану клубы аясында «Кітап беттерін парақтай отырып, сен өлкеге саяхат жасайсың» атты өлкетану оқулары өтті. Оқу барысында балалар Ғ. Мұстафин, С.Сейфуллин, Қ. Аманжолов, Н. Кузнецов, В. Могильницкий және т. б. авторлардың шығармалары арқылы өлке тарихымен танысты.
Қатысушылар ақын-жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп үзінділер оқыды.

1
2
3
4
5

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі.
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Алдар көсе ертегі кейіпкері» тақырыбында өтті.
Сабақ барысында балалар «Алдар Көсе мен Бай» туралы қызықты мультфильмін көрді. Мультфильмді тамашалаған қатысушылар Алдар Көсенің ақылы мен тапқырлығы жайлы қазақ тілінде қысқаша сөйлем құрап үйренді.

IMG_0319
IMG_0323
IMG_0325
IMG_0333
IMG_0342
IMG_0351
IMG_0354
IMG_0362
IMG_0363
IMG_0374

Экскурсия

6 сәуір күні біздің кітапханаға Үштөбе жалпы орта білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушылары келді.
«Кітапхана қонақтарды қарсы алады» экскурсиясы барысында балалар кітапхананың тарихымен танысты, әр түрлі бөлімдерге барып, жаңа кітаптармен танысып, электрондық қызметтер туралы білді.
Тілек білдірушілер тіркеуден өтіп, кітапхананың жаңа оқырмандары болды.

IMG_0288
IMG_0289

«Ойөріс» зияткерлік телеойыны

Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында мемлекеттік тіл саясаты мен төл тарихты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ойөріс» зияткерлік телеойынында кітапхананың намысын қорғаған қызметкерлер Шайзат Жумадильдинова, Жайна Ыбрайым және Күміс Болатбекова жеңіспен оралды. Бұл жолғы ойында «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ кітапханашыларынан құралған «Күншуақ» тобы және Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы қызметкерлерінен құралған «Үш таған» тобымен өз ара сайысқа түсті. Қатысушылар ойын барысында «Тұлғалар», «Тарихи орындар», «Көрікті жерлер», «Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер», «Көнерген сөздер» тақырыптарындағы ұяшық ішіндегі сұрақтарды таңдап жауап берді.Телеойынға қатысушылардың қабілеті мен шеберлігі арнайы тағайындалған сарапшы сараптап, әр сайыстан алған ұпайлары бойынша бағалады. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

277354154_3043643959186461_877426486292961645_n
277519152_3043643929186464_6529055979324177397_n
277582381_3043643945853129_5078969255916969800_n

Халықаралық балалар кітабы күні

2 сәуір – Данияның ұлы ертегішісі Г.Х.Андерсеннің туған күні.
Бұл күні 1956 жылдан бастап екі жылда бір рет үздік балалар жазушыларына және суретшілері – балалар кітаптарының иллюстраторларына халықаралық Г.Х.Андерсен атындағы сыйлық беріледі.
1967 жылдан бастап бұл күн Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңеспен (International Children’s Book day) бекітілген Халықаралық балалар кітабы күні тойланады.
Неміс жазушысы Йелла Лепма Халықаралық балалар кітабы күнін өткізудің бастамашысы болды.
2022 жылдың 21 наурыз күні Балалар кітаптарының халықаралық кеңесі (IBBY) 2022 жылғы Ганс Кристиан Андерсен сыйлығының жеңімпаздарын жариялады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының төрағасы Джунко Йокота жариялады.
2022 жылғы сыйлықтың иегерлері: «Автор» санатында француз Мари-Од Мурейл және «Иллюстратор» номинациясында кореялық Сюзи Ли жеңіп алды.
Біздің әдеби серуен барлығының – балалар кітабын жазатындар, безендіретіндер және кеңінен танымал етушілер мерекесінің 55-жылдығына арналады.
Қарап шығу ұнамды болсын.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13