Archive Қазан 2022

«Адамгершілік – алғашқы капитал» тренингі

27 қазан күні «Адамгершілік – алғашқы капитал» тақырыбында тренингі өткізілді. Балалармен кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, психолог Салтанат Смағұлтегі келді.
Қонақ тренинг барысында қатысушыларға адамгершілік ойлау тетіктері туралы айтып, бірнеше практикалық міндеттер жүктеп, әр түрлі қызықты сұрақтар қойып, балалардан тұшымды жауаптар алады.

«Қауырсын қалам» қалалық байқауы

Кітапханада Қазақстандағы балалар жылы аясында «Қауырсын қалам» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқау жас талантты авторларды іздеуге және қолдауға 12-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Сайысқа балалар әр түрлі жанрдағы өз шығармаларын ұсынып қатысты.
Байқауға қазылар алқасының қарауына қаланың 25 мектебінен мемлекеттік және орыс тілдерінде 50-ге жуық жұмыс тапсырылды.
Қазылар алқасының құрамына: Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ инновациялық технологиялар колледжінің директоры Н. Смағұлова, Қарағанды гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г. Мұханова, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты З. Жангабулова, Қарағандылық жазушылар Е. Понамаренко және И. Воробьева енді.
Қазылар алқасы жұмыстарды тілдер бойынша бөліп бағалады.
Байқау жеңімпаздар мен жүлдегерлері:
І орын – Адина Несіпбекова, «№25 ЖББМ» КММ және Варнава Елизавета, №46 «ЖББМ» КММ;
II орын – Айша Әбдіразақова, «№21 ЖББМ» КММ және Виктория Камышник мен Арина Илясова, «№25 ЖББМ» КММ (топтық жұмыс);
III орын – Серік Сұлтан, Қызылжар ауылдық мектебі, Жаңаарқа ауданы және Евгений Зиберов, «№ 46 ЖББМ» КММ.
Номинациялар бойынша:
«Адамгершілік құндылық» Нұрайым Жұмабек, «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ;
«Креативті сюжет» Дарын Еділбай, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылдық мектебі;
«Қызықты сюжет» Бекнұр Уәлихан, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылдық мектебі;
«Заманауи ертегі» Еркеназ Мұхтаров, №82 ЖББМ» КММ;
«Үздік образ» Анастасия Минаева, «№1 Гимназия» КММ;
«Креативное мышление» «№97 Гимназия» КММ Даниил Еремин және Лия Жаманчинова, «№1 Гимназия» КММ;
«Золотая строка» Яна Григоркевич, «Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия» КММ және Диана Шапеев, «№30 ЖББМ» КММ.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық қатысушыларға дипломдар табыс етілді. Жеңімпаздарды марапаттау «Degirmen» кафесі және «Mickey house» дүкенінің қолдауымен өтті.

«Мен қалай бас аспазшы болдым?» аспазбен кездесу

Халықаралық аспаздар күніне орай «Мен қалай бас аспазшы болдым?» атты аспазбен кездесу өтті. Балаларға шеберлік сыныбын бас аспаз Виталий Косенчук өткізді. В. Викторовичтің 20 жылдық еңбек өтілі бар, ол тек Қазақстан аумағында ғана емес, жақын шетелде де көптеген аспаздық байқаудың жеңімпазы болып табылады. Аспазшы балаларға өз кәсібінің қызығымен мен қиындықтары туралы айтып берді.
Қатысушылар аспаз дайындаған мохито дәмі бар қызыл уылдырықтан дәм татты. Жасөспірімдер үшін мұндай шеберлік сыныбы тәжірибе жүзінде аспаздық шеберлікті игеруге мүмкіндік береді.

Ертегілер мен оқиғалар сағаты

26 қазан күні «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өткізілді. Балаларға «Шарайна» ақпараттық қызметінің бас редакторы Әсел Сәбитова «Жаңа заман ертегілері» жинағынан «Қамаудағы үш дос» әңгіме – ертегісін оқыды.
Кездесу эмоцияға толы болды. Жас оқырмандар мен олардың ата-аналары жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.
Дауыстап оқуға қатысқан мектеп оқушыларына, ата-аналарға алғыс айтамыз.

Қазақстан – ұлы Отаным

25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Айтулы мерекеге орай, кітапханада №88 ЖББМ, №3 гимназияның 2-3 сынып оқушылары және Қазыбек би атындағы ауданның үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің балаларының қатысумен «Қазақстан-ұлы Отаным» атты әдеби сағаты өткізілді.
Балалар туған елге саяхат жасап, Қазақстан Республикасының рәміздерін еске түсіріп, «Атамекен-Алтын бесік» атты интеллектуалды ойынға белсенді қатысты. Сондай-ақ балалар назарына Қазақстан туралы ауқымды, мазмұны жағынан бай кітап көрмесі дайындалып, шолу жасалынды.

Ньютондық емес сұйықтық

21 қазан күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында тәжірибе жасалынды, тәжірибе барысында ньютондық емес сұйықтықтың қалай жұмыс істейтінін анықтадық. Осы тәжірибені күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым су, крахмал және кез-келген бос ыдыстардың көмегімен жасауға болатыны жайлы айтылды. Бұл тәжірибеде ньютондық емес сұйықтықтың физикалық, механикалық немесе дыбыстық әсер ету кезінде тұтқырлық пен тығыздық қалай өзгеретінін көрсетеді. Бұл жоғары өзара әрекеттесу жылдамдығында массивті сұйықтық молекулаларының инерцияға байланысты қайта реттеліп үлгермейтіндігіне байланысты.

Ертегілер мен оқиғалар сағаты

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу өтті.
Суретші-дизайнер Герасим Иванов балаларға Сергей Махотиннің «Вирус ворчания» атты әңгімесін оқып берді.
Шара соңында қонақ балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«Шуақ» шығармашылық студиясы

Күзгі сыйлықтар тақырыбын жалғастыра отырып, «Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Елена Благининаның «Осень спросим» шығармасымен танысты картон, гуашь және мақта бүршіктері арқылы сүйкімді тал бұтақтарын жасады.

«Қазақ сахнасының санлақтары» шығармашылық салоны

Биыл Қазақстанның танымал талантты әйелдері К.Байсейітова, Р. Бағланова, Ш.Жандарбекова, Ш. Жиенқұлова мерейтойларын аталып өтуде. Өз ісінің қайталанбас шеберлері қазақ өнерінде қайталанбас із қалдырды.
Кітапханада олардың шығармашылығымен танысу мақсатында «Қазақ сахнасының санлақтары» шығармашылық салоны өткізілді. Іс-шара барысында әншілердің белгілі әндері шырқалып, өлеңдер оқылып, актриса А.Қалдыбекованың орындауында Д. Исабековтің «Актриса» спектаклінен монолог оқылып, қазақтың халық биі орындалды.
Шығармашылық салон аясында «Қазақ өнері тарландары» атты кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды.

«Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» кітап көрмесі

18 қазан Қазақстанда Рухани келісім күні болып жарияланды. Бұл күн әрбір қазақстандықтың өмірінде маңызды болып табылады. «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» кітап көрмесін көрсету арқылы кітапханашылар оқушыларға «Ел бірлігі», «қоғамды шоғырландыру», «діни толеранттылық» сияқты ұғымдарды түсіндіреді.
Көрмеде Қазақстан қоғамының негізгі принциптері – тәуелсіздік алған сәттен бастап дінаралық және этносаралық келісімді ашатын кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған.
Кітап көрмесі толеранттылықты, қоғамдық келісімді тәрбиелеуге, өскелең ұрпақтың әртүрлі ұлттар мен діндердегі адамдарға құрметпен қарауын қалыптастыруға, адамның қадір-қасиеті мен даралығын құрметтеуге бағытталған.
Кітапхананың оқу залында 17-26 қазан аралығында көрме өтеді.