Қаңтар 16, 2025 Ақын Ерқанат Кеңесбекұлымен шығармашылық кездесу By odb-abai inЖаңалықтар 16 қаңтар күні Абай кітапханасында ақын, облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің аға тілшісі Ерқанат Кеңесбекұлымен шығармашылық кездесу өтті. Бұл іс-шара әуесқой жас ақындардың шығармашылығына шабыт беру, жас буынды поэзия әлеміне баулу мақсатында құрылған «Қауырсын қалам» әдеби клубының аясында өтті. Шараға тыңдарман ретінде 7-8 сынып мектеп оқушылары қатысты. Ақын қатысушыларға өзінің балалық шағынан әңгімелермен бөлсіп, шығармашылыққа, ақындық өнеріне қалай келгендігі жайлы баяндады. Оқушылар да белсенділік танытып, кездесу кішігірім сыр-сұхбат ретінде жалғасын тапты. Жас оқырмандардың ақынға шынайы, қызықты сауалдары қойылып, жауаптар алынды. Ерекше жігерлікпен ең қызықты сұрақ қойған оқушыға ақын өз ризашылығын білдіріп, жеке қолтаңбасы жазылған кітабын сыйға тартты. Шығармашылық кездесу соңында ақын Ерқанат Кеңесбекұлы өзекжарды өлеңдері енгізілген туындылар жинағын кітапханаға сыйласа, кітапхана өз кезегіне орай, ақынға ұлы Абай атамыздың туындылар жинағын алғыс ретінде сыйға тартты.