Абай -дара, Абай – дана қазақта

Абай -дара, Абай – дана қазақта

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 21-ші қаңтар күні №93 гимназияның 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Осы шараға оқу залының кітапханашысы Жібек Зейкенова арнайы барып қатысты. Балалар Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдерінде аударылған, ақының раритет кітаптарымен танысып, «Абайтану әліппесі» атты интерактивті кітапты көріп тамашалады.

Шараға қатысушы Санжар Алпысбеков пен Қажымұхан Китаев ақынның өлеңдерін неміс және ағылшын тілдерінде оқыды.

Оқушыларға «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» туралы бейнеролик көрсетілді.

Comments are closed.