Абай мұрасы-мәңгілік мирас

Абай мұрасы-мәңгілік мирас

«Жаз.Балалар.Кітап» жазғы оқу алаңының жабылуы данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналып, кітапханамызда тамыз айының 15-і күні ашық аспан астында «Абай мұрасы-мәңгілік мирас» атты әдеби сазды кеш өтті. Іс-шараға облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайында ем алушы балалар қатысты.

Кешке қатысқан балалар Абай шығармашылығымен жақсы таныс екенін аңғартты. Олар ақынның шығармашылығынан «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» және табиғат көрінісі мен жыл мезгілдеріне байланысты жазылған «Жазғытұры», «Жаз», «Күз» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жас оқырмандар А.Ракишева мен Е. Асылболат ақының «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін нақышына келтіріп шырқады.

Іс- шара соңында балалар «Абай мұрасы-мәңгілік мирас» атты кітап көрмесін тамашалады. Биыл осыған «Абай» журналының жарық көргеніне 100 жыл толып отыр. Кітапхана қорындағы 1992-2018 жылдары шыққан журналдар оқырман назарына ұсынылды.

Comments are closed.