Акция «Латын әліпбиі – өркениет жолы»

Акция «Латын әліпбиі – өркениет жолы»

Кітапхана қызметкерлері 24 қаңтарда қаланың орталық көшесі – Бейбітшілік гүлзарында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» акциясы аясында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарына қазақ тілін латын жазуына көшірудің артықшылықтары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, заманауи ақпараттық технологияларға кеңінен қол жеткізу мүмкіндіктері туралы түсіндірілді.

Жаңа қазақ әліпбиін кеңінен танымал ету мақсатында кітапхана қызметкерлері қазақ транскрипциясымен әліпбидің барлық әріптері көрсетілген, латын әріптеріне негізделген әліпби флаерларын таратты, «акуттар», «диграфтар» терминдері түсіндірілді.

Акцияны өткізу барысында 50-ден астам флаер таратылды, жалпы алғанда, қала тұрғындары Қазақстанның латын әліпбиіне көшірілуін қолдайды, олардың көпшілігі мұндай іс-шаралардың қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.

Comments are closed.