Алқоңыр дүние

Алқоңыр дүние

Кітапханада шілде айының 11 күні қазақ поэзиясында өзіндік айрықша қолтаңбасы бар ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Алқоңыр дүние» атты әдеби кеш өткізілді. Шараны ақын Жәлел Қуандықұлы жүргізді.

Кеш ақынның «Алқоңыр дүние» атты кітабының ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылуына орай ұйымдастырылған.

Кеш басында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнетаспа көрсетілді. Шараға облыстық соттың судьясы, тіл жанашыры Марат Азбанбаев, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Уатаева, №93 гимназияның ұстазы Асылбек Сүлейменов, http://qasym.kz/ сайтының редакторы, жас ақын Сұлтан Мұстафин, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Оңдасын Оразов және кітапхана оқырмандарымен студент жастар қатысты. Шараға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, «Алқоңыр дүние» кітабы жан-жақты талқыланды.

Ақынның азаматтық ұстанымы, жалпы шығармашылығы туралы көптеген пікірлер жастарды қанаттандырды. Барлық қонақтар бір ауыздан ақынның аталмыш кітабы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына әбден лайық деген түйінге тоқтады.

Аталмыш шара соныңда оқырмандар «Көкек айы – Гүлстан» атты тақырыптық сөрені тамашалап, кітапхана қорындағы ақының «Ақшам хаттары», «Ырауан», «Қас сақ аңқымасы» атты кітаптарымен танысты…

Comments are closed.