Алғыс білдіру күні

Алғыс білдіру күні

Көктемнің алғашқы күнінде еліміз Алғыс білдіру күні мерекесін атап өтеді.

Бұл мереке – барлық этностардың бір-біріне және басына қиыншылық түскен жылдары басқа ұлттардың адамдарына мейірімділік танытып, туысқанындай қабылдаған қазақтарға құрмет көрсетуі және алғыс білдіруі.

Кітапхана қызметкерлері 1 наурызда №3 гимназияның 7 сыныбының балаларымен «Спадчына» облыстық белорус мәдениеті қорының өкілі Нина Алексеевна Мисоченконың қатысуымен «Құрметтің ең биігі – алғыс» ақпарат-дайджесін өткізді.

Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақтың төзімділік, достық пен бір-біріне құрмет сезімін тәрбиелеу, сонымен қатар Қазақстандағы этникааралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту.

Н.Мисоченко балаларға депортация туралы, халықтарды мәжбүрлеп қоныс аударғаны туралы, 1937-1944 жылдары 1 миллионнан астам депортацияланған тұрғындардың Қазақстанда екінші Отанын тапқаны турады әңгімеледі. Қазақ халқы бақытсыздыққа ұшыраған халықтарды өз жерінде өзіне тән қонақжайлылықпен қабылдады. Нина Алексеевна өзінің «Благодарение» өлеңін оқып, белорус халқы қазақ халқына не үшін «рахмет» айтатынын оқушыларға түсіндірді. Қонақ балаларды қызықтырған көптеген сұрақтарға шын көңілмен жауап берді.

Кітап көрмесімен танысқаннан кейін «Начало переселения. Путь» деректі фильмі көрсетілді.

Іс-шара қазақ жеріне ризашылық туралы өлең оқумен аяқталды.

Comments are closed.