Қаланың мерейтойына арналған көрме

Қаланың мерейтойына арналған көрме

2019 жыл біздің қаламыз үшін мерейлі жыл, Қарағанды өзінің 85-жылдығын атап өтеді. Жетістіктер, табыстар, атақты адамдар, әдемі аллеялар мен саябақтар қаласы, мол және мазмұнды тариғы бар заманауи және дамып келе жатқан қала.

Қарағанды туралы көптеген поэзиялық және прозалық шығармалар жазылған, көптеген өлкетану зерттеулері, естеліктер мен эсселер бар.

Біздің оқырмандарға ««Қарағанды Сарыарқаның қазынасы» атты суретті кітап көрмесі ұсынылды. Онда Қарағанды және Қарағанды облысының тарихы туралы үздік басылымдар қойылған, олар қаланың пайда болуы тариыхы, бір кезде тағдырдың жазуымен біздің өңірге тап болған адамдардың және өмір бойы осында тұрып келе жатқан адамдардың тағдыры туралы әңгімейлейді.

Көркем суретті кітаптар қаланың көрікті жерлерін ашып, өлкенің киелі жерлерімен таныстырады.

 

Comments are closed.