Ана тілі – сарқылмайтын бұлақ

Ана тілі – сарқылмайтын бұлақ

Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады, олардың әрқайсысының тілі ерекше. Мәдениетті адам әрқашанда ана тіліне деген қызығушылығымен, оны жазбаша және ауызекі тілді жетік меңгеруге деген ұмытылысымен сипататалады. Қарым-қатынас саласының барлығында тілді жақсы меңгеру және бізге ата-бабаларымыздан мұраға қалған осы баға жетпес сыйды пайдалана білу іскерлігі талап етіледі.

21 қыркүйекте №58 ЖОББМ 5 сынып оқушыларымен «Ана тілі – сарқылмайтын бұлақ» әдеби ойыны өткізілді.

Іс-шара қызықты және әсерлі өтті. Алғашында, балалар «Қазақстан халқының тілдері күнін» өткізу тарихын естеріне түсіріп, оның 2018 жылдан бастап атақты қазақ ғалымы, ағартушы, саяси қайраткер Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай, 5 қыркүйекте атап өтілетінін білді.

Содан кейін олар алыс та әсерлі Тілдер еліне саяхатқа аттанды. Әртүрлі көңілді әдеби сайыстарда оқушылар тек тыңдап қана қоймай, өздерінің білімін, логикалық тұрғыдан ойлау, тез ұғыну мен тапқырлық қабілеттерін көрсете білді.

Балаларға бір мемлекеттің шекарасынан асып, бүкіл әлем балалары шырқайтын «Әрқашан күн сөнбесін!» әнінің шығу тарихы әңгімеленді. Осы әннің қайырмасы барлық елдердің балалары арасындағы достық символы болып табылады. Оқушылар караокенің көмегімен әнді үш – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындады.

Ойын өте сәтті өтті! Онда жеңімпаздар мен жеңілгендер болған жоқ. Табиғи құбылыс – достық жеңді!
Соңында «Жүз халық – жүз тіл» кітап көрмесінің шолуы өткізілді.

Comments are closed.