Қарағанды облысының киелі картасы

Қарағанды облысының киелі картасы

18 қаңтарда «Құлыншақ» балалар үйі» КММ балаларымен «Қарағанды облысының киелі картасы» ақпараттық сағаты өткізілді.

Балалар «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының қызметі туралы әңгімені тыңдады, слайдтық таныстырылым арқылы Қаражартас, Домбауыл, Жошы хан, Болған Ана, Алаша хан кесенелері мен Қызыл Кент сарайының үйінділері сияқты және облыстың тағы басқа киелі жерлерінің тарихи анықтамаларымен танысты.

Оқушылардың назарына өлкенің табиғаты мен тарихи ескерткіштері туралы «Сарыарқа. Қазыналы өңір», «Ұлытау», «Уық шаншылған Ұлытау» фотоальбом – кітаптар басылымдары ұсынылды.

Қарағанды облысы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінен сыйға алған «Туған жер – тұғырың» және «Ұлт тарихындағы ұлы белес», сонымен қатар «Рухани жаңғыру» кітабының серияларына ерекше көңіл бөлінді.

Comments are closed.