Ғарыш кеңістігіндегі 108 минут

Ғарыш кеңістігіндегі 108 минут

Бүкіл әлем 12 сәуірде Авиация және космонавтика күнін – адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына арналған естелік күнін атап өтеді. Бұл ерекше күн, яғни бүгінде ғарыш саласында жұмыс істейтін барлық адамдардың және ғылымның салтанат құрған күні.

Алғашқы ғарыш сапары 108 минутқа созылды. Бүгінгі күні орбиталық ғарыш станцияларына бірнеше айлық экспедициялар жасалатындықтан, бұл өте қысқа уақыт болып көрінеді, бірақ осы уақыттың әр минуты белгісіздікті ашу минуты болды.

Юрий Гагариннің ұшуы адамның ғарышта өмір сүріп, жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Осылайынша, Жерде жаңа космонавт (ғарышкер) мамандығы пайда болды.
Мереке қарсаңында №63 ЖББМ 2 «А» сынып оқушылары үшін «Ғарыш кеңістігіндегі 108 минут» виртуальды көрмесі өткізілді.

Оған Ғарыш батырлары туралы кітаптармен қоса, жалпы саланың жетістігі туралы, неліктен Қарағандының «Ғарыш айлағы» аталатыны туралы кітаптар, сонымен қатар Ғаламды бағындырғандар туралы көркем әдебиеттер қойылды.

Балалардың ғарыш, планеталар, спутниктер, космонавтардың ғарышқа ұшуы туралы алған материалдарын бекіту үшін «Ғарыш әліппесі» интерактивті викторинасы және жұмбақтар байқауы өткізілді.

Comments are closed.