«Астана болашақтың қаласы»

«Астана болашақтың қаласы»

Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың ақпан айының 20-сы күні Сарыжайлау кинотеатрында «Астана болашақтың қаласы» атты кино сабақ өтті.

Осы іс-шараға кітапханамыздың қызметкерлері барып, Астана қаласының тарихы, географиясы, көрнекті жерлері, туы және елтаңбасы жайлы сыр шертетін «Астана – Қазақстанның бас қаласы» атты презентациямен таныстырып өтті.

Презентация соңында оқушылардың танымдық, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тақырыпқа сай сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Іс-шара кинотеатр қызметкерлері ұйымдастырған «Астана – ақылды қала» атты фильмін көрумен жалғасын тапты.

Comments are closed.