Ақпан 11, 2020 Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес By odb-abai inЖаңалықтар Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында кітапханада 11 ақпан күні «Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес» атты ақпараттық шолу өткізілді. Іс-шараға Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға жат ағымдарды түсіндіріп, терроризм мен экстремизмді жекелеме жіктеп, оның себептері мен негізгі мақсаттары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылардың назарына жастар арасында идеологиялық саясатты қалыптастыру туралы «Діни экстремизм» атты бейнебаян көрсетілді. Аталмыш шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.