Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет

Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет

«MIX» жазғы лагерьдің балалары 13 тамызда Семей полигонындағы алғашқы сынақтың 70 – жылдығына арналған «Дабыл қоңыраулары: полигон жаңғырығы» экологиялық диалогына қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жаһандық экологиялық мәселелерді адамзатқа төнетін қатер ретінде түсінуге ықпал ету.

Балаларға Семей полигонын құрудың мақсаттары, ядролық жарылыстар тек әскери мақсатта ғана емес, сонымен қатар ядролық жарылыстарды бейбіт мақсатта да пайдалану тәжірибесін жинақтау үшін пайдаланғаны, сонымен қатар келтірілген экологиялық апат туралы айтылды.

Іс-шара барысында қатысушылар ядролық сынақтардың деректі хроникасының кадрларын көре алды.

Диалог барысында балалар ядролық сынақтардың экологиялық және әлеуметтік зардаптарын белсенді түрде талқылады, ядролық қарусыз әлемге арналған ұран-үндеулер жасады, кітап көрмесі арқылы Семей полигоны туралы басылымдармен танысты.

Comments are closed.