Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы

Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы

Кітапханада облыстағы балалар кітапханаларының қызметінде ақпараттық кеңістікті кеңейту және жаңартылған білім берудің рөлін, басшылардың кәсіптік білімін, дағдыларын, іскерлігін жетілдіру, кәсіби тәжірибе алмасу контекстінде жаңа тәсілдерге бағыттау мақсатында 2018 жылғы 20 сәуірде «Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы» облыстық семинары өткізілді. Оған 34 маман: қалалық және аудандық балалар кітапханаларының басшылары, әдіскерлер, балалар филиалдарының жетекшілері қатысты.

Семинардың ашылуында Абай атындағы ОБК директоры Б.Қ.Уатаева «Балалар кітапханасының басшысы-қоғамдық сананы жаңғырту жағдайларындағы инновациялық процестердің көшбасшысы» баяндамасында Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын және «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобаларын жүзеге асыру аясында балалар кітапханаларының қызметін дамытудың басымды бағыттары туралы айтты, балалар кітапханаларының қызметін басқарудағы заманауи тәсілдермен таныстырды.

Семинар бағдарламасы өте мазмұнды болды, бұл кітапханашыларға тек кәсіби тәжірибе алмасып қана қоймай, өздігінен білімін жетілдіруге, психология жөнінде жаңа ақпарат алуға, балаларға арналған жаңа кітаптармен танысуға мүмкіндік берді.

Балалар кітапханаларының меңгерушілері көшбасшылық қабілеттерін дамыту жөніндегі «Көшбасшы болуға үйренейік: мақсатқа жету технологиясы» – тренингін үлкен қызығушылықпен қабылдады, «Мақсатқа жету технологиясы», «Көшбасшы болуға үйренейік» кітаптарының авторы Бақытқали Мұхамедқалиұлы Мұсабеков оның жаттықтырушысы болды.

Тренингтің мақсаты – қатысушыларды сөйлеу мәдениетімен және техникасымен, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларымен, жеке және кәсіби мақсаттарға жету үшін жоғары тиімді адамдардың дағдыларымен таныстыру және әрбір бәсекеге қабілетті адамға қажетті көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

Авторлық тренинг бағдарламасы қазақ халқының менталитетіне бейімделген және Ротислав Гондопас, Ицхак Пинтосевич, Д.Максвелл және Стивен Р.Ковейдің ақпарат беру әдістеріне және техникасының негізделген мақсаттарға қол жеткізу және «Семи навыков высокоэффективных людей» технологиясының, шешендік өнер әліпбиінің негізінде жасалған.

Қатысушылар өздігінен білімін жетілдіруге көмек ретінде әрбір кітапханашының осындай тренингтерге қатысуы қажет екендігін, мемлекеттік тілде жүргізілетіндіктен оның құнды екендігін, кеңейтілген сабақтар ұлттық шешендік мұраға негізделген тілді жетілдіруге көмектесу барысында өздерінің ашылмаған қабылеттерін пайдалануға мүмкіндік беретінін, қарым-қатынас дағдыларын игеруді, өзінің көшбасшылық қабілеттерін дамытуды, қол жеткізуге болатын мақсаттарды қоюды, тайм-менеджментін меңгеруді үйренетінін атап өтті.

Семинар барысында 5 баяндама тыңдалды, «Сіздің басқаруыңыздың тиімділігі неде?» тест алаңы ұйымдастырылды.

Инновациялық-әдістемелік бөлімнің басшысы С.Ж.Жусупова «Кәсіби кітапханашы: құзыреттілігі, креативтігі, көпшілігі» тақырыбындағы кеңес беру барысында басты назарды балалар кітапханалары жағдайындағы келешектегі жұмыстарға аударды, кіапханалардың басшылық лауазымдарының үлгілік біліктіліктері қарастырылды.

ИӘБ әдіскері М.Н.Подгайнованың «Клубтар мен үйірмелердің қызметі: кітапханадағы инновациялық бұқаралық акциялар» баяндамасында тұрғындармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу жөніндегі жаңа жобалар мен бағдарламаларды енгізу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Негізгі қорды сақтау, құжаттарды өңдеу және толықтыру бөлімінің басшысы О.М.Мусина ақпаратық хабарламасында заманауи жағдайларда балалар әдебиетінің қорын қалыптастыру ерекшелігін ашып берді.

Абай атындағы ОБК библиографы У.О.Жамауова мен кітапханашысы Л.В.Кириналар «Книжные деликатесы-2018» балалар әдебиетінің әдеби жаңалықтарына кеңінен шолу жүргізіп, кітапханашыларға жаңа кітаптардың қайсысы кеңінен танымал болғаны туралы ұсыныстар берді.

Семинардың қорытынды кезеңінде «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» облыстық Еске алу күнінің қорытындысы шығарылды, оған облыстың 38 кітапханасынан 1200-ден астам оқырман қатысты. 2018 жылғы 2 ақпанда облыстың балалар кітапханаларында бір уақытта «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» облыстық Еске алу күні өткізілді, күні бойы іс-шаралар өткізілді, кітап көрмелері безендірілді және Сталинград шайқасы туралы әдеби көркем шығармалар, өлеңдер дауыстап оқылды.

Облыстың балалар кітапханалары арасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша балалар кітапханаларының жұмысын белсендіргені үшін, Сталинград шайқасы жылнамасының тарихына оқырман-балалардың қызығушылығын және Сталинградты қорғауға қатысқан қазақстандық батырлар туралы білімдерін қалыптастырғаны үшін төрт ОКЖ: Сәтбаев ОКЖ Весовая кентінің Отбасылық оқу кітапханасы, Балқаш ОКЖ А.Гайдар атындағы ОҚБК, Саран ОКЖ филиалдары, Шахтинск ОКЖ филиалдары дипломға ие болды.

Comments are closed.