Бақытты балалық шақ елінде

Бақытты балалық шақ елінде

Жайдарлы жаз! Облыстық балалар кітапханасында «Жаз.Балалар.Кітап» балалар алаңыжұмысын жалғастыруда, оның мақсаты жазғы демалыстарда балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, қызықты және шығармашылық үдеріс ретінде оқуға деген қызығушылықтарын қолдау және дамыту.

Жас қарағандылықтар мен біздің қаламыздың қонақтары мектеп іс-шараларынан тыс уақытта «Бақытты балалық шақ елінде» сайыс-ойын бағдарламасына қатысты.

№ 5, 20 НОМ, №78 ЖББМ, «Робоклуб» мектеп жанындағы лагерьлердің және Астана, Шымкент, Мәскеу және Баку қалаларының балалары мен ересектері «Лукоморьеге саяхат» ертегілер викторинасына қатысып, сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске түсірді, ертегі жұмбақтарын шешті, тақырыптық пазлдар құрастырды, асфальтта сурет салды, қарап-көруге ұсынылған кітаптар мен журналдар оқыды.

Және де «Кәнеки, ортасында кездесейік», «Кім жылдам», «Күн сәулелері» және басқа да қозғалмалы ойындарға шабыттана қатысты.

Алда, жазғы демалыс күндері балаларды көңілді ойындар мен жұмбақтар, сайыстар мен қызық кітаптар, жағымды әсерлер мен жақсы көңіл-күй күтуде.

Кітапхана кішкентай қарағандылықтарды күтеді және кітаптың сиқырлы әлемін тануды ұсынады.

Comments are closed.