«Балалар әдебиетінің жарқын жұлдызы» әдеби танысу

«Балалар әдебиетінің жарқын жұлдызы» әдеби танысу

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттарынның бірі-оқырмандарды балалар ақын-жазушыларының шығармашылығымен таныстыру.
«Қауырсын қалам» клубы аясында Шәкәрім атындағы гимназияның 7 сынып оқушыларының қатысумен балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің жарқын жұлдызы» әдеби танысу сабағы болды.
Жазушының орта және жоғары сынып жасындағы балаларға арналған «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана, «Жиһанкез Тити», «Айшылық алыс жол», «Пысық болдым, мінеки» және т.б. бірнеше кітаптары бар.
М. Қабанбаев 1988 жылғы Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты және де екі жылдан бір рет балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңес (ЮНЕСКО) беретін 1990 жылғы Х.К. Андерсен атындағы Құрмет дипломының иегері.
Сондай-ақ, «Бақбақ басы толған күн» кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық сайысында 2-сыйлықты иеленген. Балалар осы повестің желісімен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «12 жасқа толғанда» атты көркем фильмнен үзінді тамашалады.
«Қауырсын қалам» әдеби клубының белсенді қатысушысы Яна Григоркевич М.Қабанбаевтың «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» кітабы бойынша балалармен пікірталас өткізіп өз ойын ортаға салды.
Іс-шара соңында кітапханашы жазушының шығармалары жинақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Comments are closed.