Балалық шақтың ел, ғажайып ел

Балалық шақтың ел, ғажайып ел

Балалардың ең сенімді достары кітап, болғандықтан олардың жазғы демалыстарын қызықты да, көңілді өткізу үшін 13 маусымда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының алдындағы алаңда ұзақмерзімді «Жаз.Балалар.Кітап» жоба аясындағы жазғы алаңының ( жазғы оқырман залы) ашылуы өткізілді.

Алаңға №78 ЖББОМ 1-2 сыныптың оқушылары,«Колибри» дамыту орталығының балалары, қаламыздың жасөспірім жеткіншектері мен қала қонақтары келді.

Оқырмандарды алғаш рет «Аспалы кітаптар» атты акцияның тарихымен таныстырып, кітаптар ұсынылды. Аталмыш шарада «О кім? Бұл не?», «Библиошар», «Сұрақ жауап» ойындары ойнатылды.

Қаланың жасөспірім тұрғындарының сыныптан тыс оқуы үшін ұйымдастырылған «Жазғы демалысқа-жақсы кітаппен» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер мен журналдарға шолу жасалды.

Құрметті балалар,және олардың ата-аналары! Сіздерді әрі әртүрлі тақырыптағы қызықты да тартымды, әрі танымды кітаптар және журналдармен, ойындармен, байқаулар және викториналармен кездесу үшін әр сәрсенбіде сағат 11.00- 14.00 дейін кітапхананың оқу алаңында күтеміз!

Comments are closed.