Қаңтар 30, 2025 «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» кездесу циклі By odb-abai inЖаңалықтар Бір кездесуде метеоролог мамандығымен танысу мүмкін емес. @53shkolalitse тағы бір сынып оқушылары ауа-райының қалай болжанатынын жақынырақ білгісі келді. Мамандық иелерімен танысу қайтадан тікелей олардың жұмыс орнында өтті. Кездесу метеостанция қызметкерлерінің жылы қабылдаумен басталды, содан кейін метеоролог, метеорологиялық және агрометеорологиялық мониторинг бөлімінің бастығы Купцова Марина Александровна және синоптик, метеоболжамдар бөлімінің бастығы Қосубаева Айжан Жұмағазиқызы балаларға олардың жұмысы әр адамның күнделікті өмірінде қандай рөл атқаратынын айтып берді. Метеостанция алаңында оқушыларға метеорологтар деректерді жинау үшін қолданатын арнайы құрылғылар көрсетілді. Балалар ауа температурасын, желдің жылдамдығы мен бағытын өлшеуді қызығушылықпен бақылап, ылғалдылық деңгейі мен атмосфералық қысымның қалай анықталатынын білді. Жауын-шашын өлшегіш – жаңбыр немесе қар мөлшерін өлшеуге арналған құрал балалардың ерекше назар аудартты. Осындай кездесуге негіз болған «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» кездесу циклін ұйымдастырушылар оның аясында осындай іс-шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтуге және біздің әлемді жақсартатын түрлі мамандықтардың маңыздылығын көрсетуге көмектесетініне сенімді.