«Білгенге маржан»

«Білгенге маржан»

Кітапханамызда қараша айының 21 күні оқушыларды анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар және сөздіктер арқылы білімдерін жетілдіре түсу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы №41 мектеп-гимназия оқушыларына «Білгенге маржан» атты библиографиялық сабағы өтті.

Сабақ барысында оқушылар анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі энциклопедиялар және түрлі сөздіктермен танысып, олармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы ақпараттар алды. Библиографиялық сабақ соңында осы әдебиеттерді дұрыс пайдалану арқылы балалармен «Кім жүйрік» атты библиографиялық ойыны ойнатылды. Оқушылар бұл ойында «Қызылдар» және «Көктер» командасы болып екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды кітап көрсетіліміне қойылған (20 кітап) әдебиеттерді пайдалану арқылы жылдам орындап, білімдерін шындай түсті. Ойын соңында екі команданың ұпай сандары саналып жеңіске жеткен топ анықталды. «Көктер» командасына «Жүйрік топ» дәрежесі берілді.

Comments are closed.