Қаңтар 5, 2023 «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы By odb-abai inЖаңалықтар Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург және жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығымен танысу ұсынылады. Төлен Әбдіктің шығармалары тұлғасы бөлек кейіпкерлермен ерекше. Жазушының үлкенді-кішілі отызға жуық еңбегі бар. Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші «Көкжиек» жинағы 1969 жылы, одан кейін «Күзгі жапырақ» 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы «Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979 жылы «Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы «Өлі ара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған. «Оң қол» әңгімесі халық арасында ерекше сүйіспеншілікке ие болған туындысы. «Оң қол» – Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгімелерінің бірі. Әңгіме психиатриялық ауруханаға түскен 17 жастағы Алма туралы. Сондай-ақ, 1987 жылы «Ақшоқыда қыс қатты» және 2002 жылы «Парасат майданы» атты шығармаларын жазған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды. Құрметті оқырмандар! Сіздерді Төлен Әбдіктің шығармашылығымен танысу үшін кітапханаға шақырамыз.