«Бір күні кітапханада…» әдеби квест ойыны

«Бір күні кітапханада…» әдеби квест ойыны

Балалар кітабы апталығы 14 наурызда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп – гимназия мен № 27 ЖОББМ 6-7 сынып оқушыларымен өткізілген «Бір күні кітапханада…» әдеби квестпен жалғастырылды.

Әдеби квесттің бағыты қазақ халық ертегілерінің сюжеттері мен кейіпкерлерімен байланысты болды. Ойын қатысушыларды жаңа және қызықты кітаптармен таныстырып қана қоймай, есте сақтау, назар аудару, зейінділік, логикалық ойлау икемділіктерін дамытуға да мүмкіндік берді.

Ойын тапсырмалары қатысушылардың қарым-қатынасының дамуына ықпал ететін көптеген жағымды және қуанышты эмоциялар туғызды.

3 команда (қызыл, жасыл және қызғылт) «Қалың-қарағайлы орман», «Қасиетті құдық», «Сиқырлы сарай», «Кітаптар лабиринті», «Қазына аралы» атты жұмбақ орындарды аралай отырып, кітап сөрелеріндегі белгілерді тауып және әртүрлі тапсырмаларды орындап, кітапхана бойынша саяхат жасады.

Comments are closed.