Біз толеранттылық үшін

Біз толеранттылық үшін

18 қазанда Ғ.Мұстафин атындағы № 83 мектептің 3 «В» сынып оқушылары үшін кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы және Рухани келісім күніне арналған «Біз толеранттылық үшін» мейірімділік сабағы өткізілді.

Балаларға мейірімділік пен конфессияаралық достық туралы айтылды. Балалар ізгі істердің, өзара түсіністіктің және төзімділіктің маңыздылығы туралы өз ойларын білдірді. Олар слайдтық таныстырылым арқылы толеранттылық ұғымымен танысты, толеранттылықтың мағынасын білді, ізгілік қаласына саяхат жасай отырып, сұрақтарға жауап берді, кроссвордты қызыға шешті. Соңында алған материалдарын бекіту үшін толеранттылықтың негізгі ұғымдары мен қағидаттарын ашатын «Пілге арналған сыйлық» мультипликациялық фильмі көрсетілді.

Кітапхана мұндай іс-шараларды өткізе отырып, баланы негізгі рухани және адамгершілік қасиеттерге баулып, оның жақсылық пен жамандықты ажырата білуіне аз да болса өз үлесін қосады. Оларды адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділік пен моральге тәрбиелейді.

Comments are closed.